Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда сенбі күні 1 үйлену тойы мен 4 құдалық тарқатылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 13:21 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/252584-almatyda-senbi-kuni-1-uylenu-toyy-men-4-qudalyq-tarqatyldy


Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау бойынша тексеру шаралары жалғасуда. Басты міндет – коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтуға бағытталған санитарлық-эпидемиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету. Оның құрамына аудан әкімдіктерінің, жергілікті полиция қызметінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Басқармаларының, кәсіпкерлер палатасының мамандары кіретін 26 мониторингтік топ күнделікті тексеру іс-шараларын жүргізуде.

Биылғы 17 қазан күні сағат 20.51-де Медеу ауданының мониторингтік тобы "Қазақстан" қонақ үйінің "Ball room" залында (жертөле қабаты) үйлену тойын анықтап, жолын кесті. Оған 80-ге жуық адам жиналған. Барлығы ғимараттан шығарылып, тиісті шаралар қабылданды. Іс-шара қонақтарына Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулы нормалары жеткізілді.

Сонымен қатар, 17 қазанда Әуезов ауданында сағат 17:05-те мобильді топ "Інжу"  (Ақсай 3, 14а) мейрамханасында  көпшіліктің қатысуымен өтіп жатқан шараны (құдалық) анықтады: бірінші қабатта  40 адамға, екінші қабатта - 50 адамға өткізілген. Сағат 17:45-те рейдтің мобильді тобы Шамгон Қажығалиева,15 мекенжайы бойынша орналасқан "Аделлина" мейрамханасында 50 адамға арналған «құдалықты»  анықтады. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.

Жалпы, биылғы  8-16 қазан аралығында мониторингтік топтардың жұмысымен 1300-ден астам нысан қамтылды. Оның ішінде 314-інде заңбұзушылықтар анықталды. Алматы  қаласы БМСД 15.08.2020 ж. №56 қаулысының бұзылуының арасында жұмысына уақытша тыйым салынған кәсіпкерлік объектілерінің қызметі (Түнгі клубтар, караоке, букмекер кеңселері, компьютерлік клубтар, бильярд клубтары), сондай-ақ адамдар көп жиналатын салтанатты, отбасылық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, банкеттер) өткізу. Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиялық талаптардың бұзылуына байланысты жеке тұлғаларға қатысты 35 әкімшілік хаттама жасалды.

Әлемдегі эпидемиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, Алматы әкімдігі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында карантин шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады. Қала тұрғындары мен қонақтарын маска режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарға және жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан қызметіне тыйым салынған мекемелерге барудан аулақ болуға шақырады. Өз кезегінде, бизнес субъектілері санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздіктің барлық талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі қажет.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1282694
Пікірлер

Көрші сілтемелер