Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Экология министрі орман шаруашылығы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 12:15 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/252581-ekologiya-ministri-orman-sharuashylyghy-mamandaryn-kasibi-merekesimen-quttyqtady


"Қиындығы мен сан-түрлі тәуекелдеріне қарамастан, еліміздің орман қорын сақтап, жаңғырту табанды еңбек етіп келе жатқан азаматтар қандай құрметке де лайық. Себебі орман кешені – экологиялық қауіпсіздіктің кепілі", деп жазды ол Twitter парақшасында.

Министр қазір орманшылар статусын көтеру мәселесі қаралып жатқанынан хабардар етті.

"Орманшылар баға жетпес ұлттық байлығымызды қорғап, келер ұрпаққа жеткізушілер. Олардың зор еңбегін ескере отырып, біздің министрлік орманшылар статусын көтеру мәселесін қарастырып жатыр.  Жасыл табиғатты аялау ­– әрқайсымыздың міндетіміз. Сондықтан барлық ел азаматтарын орман қорына ұқыпты қарап, оны қорғаушыларға қолдау көрсетуге, жұмыстарын бағалауға шақырамын", деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Еске салайық, орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 2017 жылы ҚР Үкіметі Қаулысымен бекітілген.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1282673
Пікірлер

Көрші сілтемелер