Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Учаскелік инспекторлардың жұмысы жетілдіріле түсуде



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 09:27 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/252571-uchaskelik-inspektorlardynh-dgumysy-dgetildirile-tusude


Тәртіп сақшылары жалғыз басты зейнеткерлердің үйлерін аралап, қару иелерін, тұрмысы төмен отбасыларды, бұрын сотты болған адамдарды, есепте тұрған өзге де контингенттерді тексерді. Сонымен бірге полиция департаментінің аккаунттарындағы әлеуметтік желілерге Петропавл қаласының барлық учаскелік полиция пункттерінің мекен-жайлары мен телефондары орналастырылды. "Аталған әкімшілік учаскеге қызмет көрсететін қызметкердің аты мен телефон нөмірі көрсетілген ақпараттық парақ бұрын кіреберістерге жапсырылса, қазіргі уақытта бұл мәліметті қосымша әлеуметтік желіден де алуға болады. Айта кететін болсақ, полицияға жүгінуге құлық танытпай, үйдегі дауды "жылы жауып қою" - отбасы-тұрмыстық қатынас аясындағы құқық бұзушылықты қамтамасыз етудің басты мәселелерінің біріне айналады. Халықтың осындай ұстанымын адамдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін учаскелік инспекторлар өзгертуі керек", дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев.

СҚО-да учаскелік полиция инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 200-ден астам фактісін анықтаған. Мысалға, № 9 учаскелік пунктке қарасты аумақты аралау кезінде инспектор ұрып-соғу белгілерімен жас әйелді байқаған. Оған дене жарақаттарын салған бұрын сотталған күйеуі екені белгілі болды. Қыз анасының үйінде жасырынған. Жас әйел күйеуіне қарсы сегіз рет арыз жазып, кейін оны қайтарып алып отырған. Учаскелік инспектор жәбірленушіге отбасындағы зорлық-зомбылық ауыр жағдайға әкеп соқтырмауы үшін оның жолын кесу қажеттігін түсіндірген. Қыз сот-медициналық сараптамадан өтіп, күйеуіне қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды. Оған әйелімен кездесуге және оны қудалауға тыйым салынды.

Атылмыш шара басталғаннан бері СҚО полицейлері 50 мыңнан астам пәтер мен 65 мыңға жуық жеке үйлерді аралап шықты. Отбасы-тұрмыстық қатынас аясында 206 құқық бұзушылық фактісі анықталды, оның 56 Петропавлда. Барлығы учаскелік инспекторлар 3600 астам түрлі құқық бұзушылықты анықтады, оның 1000 астамы облыс орталығында.

Солтүстік Қазақстан облысы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1282615
Пікірлер

Көрші сілтемелер