Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Кесенеге сараптау жұмысы жүргізілуде



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 11:06 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/249058-kesenege-saraptau-dgumysy-dgurgizilude


"Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қолға алынған жұмыстың мақсаты  - орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қабырғалары мен құрылыс материалдарын және Орта Азиядағы теңдессіз жәдігерлердің бірегейі, әрі кірпіштен өрген ең үлкен күмбездің техникалық жағдайын сараптаудан өткізіп, сан ғасырлық нысанның құрылыс жағдайына бақылау жүргізу, табиғаттың тосын әсерлері мен түрлі факторлардан болған кемшіліктерді анықтау, кесенені сақтап қалу", дейді "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

Аталмыш жұмысты атқарып жатқан Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтының маманы Сырымбек Ержановтың айтуына қарағанда, іске кірісіп жатқан мамандар ТМД, Орта Азия елдерінде тәжірибеден өткен білікті адамдар.  Қазіргі таңда бұлар  кесенесінің құрылыс материалдарының жарамдылығы мен төзімділігін, ішкі және сыртқы әсерлердің салдарынан зиян келген немесе жұмыс жүргізілуі тиіс аймақтарды анықтап, өз ұсыныстарын даярлайды.

Дәл қазір анықталғандай, нысанның іргетасы берік, өз қалпын мызғымай сақтап тұр. Бұл бағытта жүргізілген реставрация жұмыстары да өзінің оң нәтижесін бергенін айтуға болады.

Ал, құрылыс ғимаратының қабырғалары мен кейбір бөліктері сейсмикаға, өзге де жағдайларға төзімділігін арнайы құрылғылар арқылы анықтаып жатыр.  Алынған талдамалардың нақты шешімі Алматы қаласындағы орталықта тиісті ғалымдардың бас қосуынан кейін қабылданып, нәтижесі белгілі болады.

Сондай-ақ, кесенені күтіп-сақтау мақсатында жыл сайын түрлі шаралар атқарылып отыр. Былтырғы жылы ЮНЕСКО Халықаралық ұйымының мамандары да нысанның құрылыс жағдайына талдау жүргізген болатын.

"Қазқайтажаңарту" кәсіпорнының директоры Қанат Тұяқбаевтың айтуынша, алдағы уақытта кесенеге зиянды әсер беретін жерасты дүмпулерді бақылайтын құрылғылар орнаталмақ екен.

Айта кетсек, кесене –  аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені – 46,5 м, ұзындығы - 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені - 50 метрге жуық, порталдық арка ұзындығы - 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залы төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме орналасқан. Жамағатхана  күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі –  37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы – 2, қазандық қабырғаларының қалындығы – 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1262004
Пікірлер

Көрші сілтемелер