Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алашордалықтардың ізі қалған ғимарат құлағалы тұр



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 10:15 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/249050-alashordalyqtardynh-izi-qalghan-ghimarat-qulaghaly-tur


1873 жылы салынған Семейдегі әйелдер гимназиясының ғимараты тарихи сәулетін жоғалтпай осы күнге дейін сақталған. Алғашында әйелдер гиманазиясы болып ашылған зәулім үй кейін «зооветинститут» болып өзгерген.

Өткенге көз жіберсек, көне ғимарат 1917 жылы бір өртенсе, 1986 жылы желтоқсанда тағы да өртке оранған. Екі рет те өрт бір тұстан шығыпты. Едені қарағайдан төселгендіктен қызыл жалынды өрт сөндірушілер ауыздықтап үлгірмеген. Содан бері қараусыз тұр. Бүгінгі күнде қызыл кірпіштен соғылған қабырғалары ғана қалған.

Енді мамандардың айтуынша, ғимараттың қабырғалары үш жерден жарылып тұр. Жер иесінің өтініші бойынша зәулім үйді арнайы мамандар тексеріп, апатты жағдайда тұрғанын анықтаған. Маңайынан әрі-бері өтіп жатқан тұрғындар үшін қауіпті болғандықтан көшеге лента тартылып, ескерту белгісі қойылған.

Семей

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1261962
Пікірлер

Көрші сілтемелер