Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елден жалтарса да жазадан жалтара алмады...



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 09:36 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/249044-elden-dgaltarsa-da-dgazadan-dgaltara-almady


Ресейлік әріптестермен тығыз қарым-қатынастың арқасында бұзақының ізіне түсу мүмкін болып, ол РФ Астрахань облысында ұсталды. Қазіргі уақытта 28 жастағы Айыртау ауданының тумасы этаппен әкелініп, Петропавлдағы тергеу оқшаулағышына қамалды.

Өз кезегінде қазақстандық полиция да ресейлік әріптестері іздеп жүрген қылмыскедің біздің елдің аумағында құрықтап, этаппен еліне жөнелтті. Ол Ресейдің Қорған облысы Петухово қаласында қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.  21 жастағы қылмыскекер петропавлдық ізшілдердің қырағы көзінен құтыла алмады.

Жыл басынан бері қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген барлығы 35 қылмыскер ұсталды. Оның 9-на өткен жылдары іздеу жарияланған.

"16-17 қыркүйек аралығында "Іздеу" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, оның аясында іздестірудегі адамдарды іздеуге бағытталған күшейтілген іс-шаралар өткізіледі. Қойылған міндеттерді орындау үшін қосымша ресурстар пайдаланылады. Әрине, бұл жұмыс тұрақты жүргізіледі және жедел қызметтердің жұмысындағы басымдылық болып табылады. Халықаралық ынтымақтастық жасауға көп мән беріледі, бірлескен жұмыстың нәтижесінде биыл ғана 16 қылмыскер ұсталды", дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Сейілхан Жұмағұлов.

Солтүстік Қазақстан облысы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1261940
Пікірлер

Көрші сілтемелер