Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Үш күндік шара 22 пәтер ұрлығын ашты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 16:30 - 2020/08/02

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/244155-ush-kundik-shara-22-pater-urlyghyn-ashty


Осынау жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуге криминалдық полиция ғана емес басқа да бөліністердің қызметкерлері тартылып, барлық бағыттар бойынша пәтер ұрлығын ашу және оның жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілген. Мұндайда ізшілдер алдымен бұрын сотталғандарды назарға алады. Соның ішінде 20 маусым күні Қызылжар аудандық сотының қаулысымен сотталған Бескөл ауылының 1992 жылғы тұрғынына іздеу жарияланған. Өйткені ол ақпан айында бір үйді тонап, тоңазытқыш, теледидар, пештің оттығы сияқты дүниелерді қолды қылғаны үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Алайда көрсетілген сенімді ақтамай, салынған шектеулерді бұзып, аудан орталығынан кетіп қалған. Жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде ол Петропавл қаласындағы "Жұмысшы" кентінде жасырынып жүрген жерінен табылды. Енді ол қалған мерзімін бас бостандығын айыру орындарында өтейтін болады.

Сондай-ақ іс-шара барысында бұрын жасалған қылмыстарды ашу бойынша жұмыс күшейтіліп, ұрланған мүлікті өткізу және сақтау орындары бойынша рейдтер жүргізілген. 3 күн бойы базарлар мен ломбардтар, 200-ден астам түрлі сауда орындары тексерілді. Нәтижесінде бұрын жасалған 12 пәтер ұрлығы, оның ішінде өткен жылдарда жасалған 6 ұрлық ашылды.

Сөйтіп, операция аясында барлығы 22 пәтер ұрлығы ашылып, оны жасаған 20 солтүстікқазақстандық ұсталды, соның 9-ы бұрын сотты болғандар.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1232273
Пікірлер

Көрші сілтемелер