Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елорданың тұрғын алабында жаңа саябақ құрылысы жүргізілуде



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 14:15 - 2020/08/02

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/244150-elordanynh-turghyn-alabynda-dganha-sayabaq-qurylysy-dgurgizilude


"Біз әр ауданда, әр елді-мекенде арнайы орындардың болғанын қалаймыз. "Көктал" елді-мекенінде үлкен саябақтың құрылысы жүргізіліп жатыр. Ол үш аймақтан тұрады. Біріншісі – тыныш демалыс аймағы. Ол жерд амфитеатр болады, 4 мың 300-ден астам ағаш отырғызамыз. Екінші аймақ – спорттық демалысқа арналады. Ол жерде футбол алаңын, волейбол және баскетбол алаңын, теннис кортын орнатамыз. Сондай-ақ, скейтбордтық алаң және йога орны болады", – деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында.

Үшінші аймақ - балалардың демалысына арналған орын. Барлық аймақтарды қыста да қолдануға болады. Тұрғындар конькимен, шаңғымен және т. б. шұғылдана алады.

"Жалпы биыл 50 қоғамдық кеңістікті (саябақтар, скверлер, бульварлар) және 150-ге жуық ауланы абаттандырамыз. Сонымен қатар, елді-мекендерде үш ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, тағы біреуі келесі жылы басталады", – деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1232222
Пікірлер

Көрші сілтемелер