Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда карантин тәртібін бұзған 1400-ге жуық адамға айыппұл салынды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 10:24 - 2020/08/02

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/244144-almatyda-karantin-tartibin-buzghan-1400-ge-dguyq-adamgha-ayyppul-salyndy


Бұрын хабарланғандай, азаматтардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиена стандарттарының сақталуын бақылау мақсатында Алматы қаласында Әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлері арасынан арнайы мониторингтік топтар құрылды және 5 шілдеден бастап ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес 1358 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, олардың 120-сы өткен күні анықталды.

"Азаматтардың көп келетін орындары, қызмет көрсету объектілері, тамақтану және т.б.жерлер үнемі тексеріліп отырады. Сонымен қатар, санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес келмейтін массаж, сұлулық салондары, барлар, мейрамханаларды анықтау бойынша жедел бөлімшелер жұмыс істейді. Арнайы рейдтік шаралар барлық жерде және тұрақты негізде жүргізіледі", - деді Алматы полициясында.

Тәртіп сақшылары кезекті рет тұрғындарды карантин шараларын қатаң сақтауға, бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1232128
Пікірлер

Көрші сілтемелер