Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


2 тамызға арналған ауа райы болжамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 09:33 - 2020/08/02

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/244143-2-tamyzgha-arnalghan-aua-rayy-boldgamy


Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан күн жылы болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында және батыста найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстік-шығыста түнде тұман түседі. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде күн күркірейді, жел екпіні - 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Қарағаңды, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-23 м/с дейін күшейеді. Алматы облысында таңертең және күндіз найзағай ойнап, жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. 

Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында аптап ыстық күтіледі. Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Түркістан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1232115
Пікірлер

Көрші сілтемелер