Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақыл-ой алыбын ардақтады (Польшада Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай пошта маркасы шығарылды)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 08:36 - 2020/07/01

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/240966-aqyl-oy-alybyn-ardaqtady-polshada-abaydynh-175-dgyldyq-mereytoyyna-oray-poshta-m


Жуырда «Поляк пошта­сының» орталық ғимаратында хакімнің мерейтойына орай «Абай Құнанбай­ұлының ту­ғанына-175 жыл» атты пош­та маркасының салтанатты та­ныстырылымы болып өтті. Ға­лымдар, дипломаттар, пош­та сала­сы­ның қызметкерлері мен БАҚ өкіл­дері бас қосқан, ақын мұрасын, сонымен қа­тар, халқымыздың руха­ни мәдениетін таныта түсу ба­ғы­­тында ұйымдастырылған бұл жоба­ның бастамашысы Қазақстан Республикасының Польшадағы елшілігі, ал оны жүзеге асырушы «Поляк пош­тасы» АҚ болғандығын атап өту қажет.

Шара барысында ал­ғаш­қы болып сөз алған Қа­зақстанның Польшадағы Тө­тенше және өкілетті елшісі Әлім Қирабаев жиналған көпшілікке ақынның пәл­сапалық ұстанымдары, гу­манистік көзқарас­тары, шы­ғар­машылығының идея­лық бағыты мен сипаты турасында ақпа­рат беріп, қа­зақ халқының Еуропа мен Азия мәдениеттерін жа­қын­­дас­тырудағы, ұлтымыздың ру­хани әлемін кәрі құр­лық жұртшылығына таныс­ты­ру­дағы Адольф Януш­­кевич, Густав Зелин­ский және Бро­нислав Залес­ский сынды поляк зия­лы­­ла­­­рының еңбектерін жо­ға­ры бағалайтынын атап өтті. Сонымен бірге поляк ұл­ты­ның кезекті бір өкілі, заң­гер Северин Гросстың ұлы Абаймен достық байланыс орнатып, ақынның өз ұлтының дәстүрлі құқығын зерттеген Гроссқа таптырмас кеңесші болып, көмек қолын созғандығын тілге тиек етті.

Поляк және қазақ тарапынан қатысқан лауазым иелерінің сөз сөйлеу бөлімі аяқталысымен тараптар пошта маркасы орналасқан тұғырдың пердесін ашу рәсімін жүзеге асырып, оған Қазақстан ел­шісімен бірге «Поляк пош­тасы» АҚ төрағасы Томаш Зджикот және ПР СІМ Шығыс департаментінің директоры Ян Хофмокл мырзалар қа­тысты. Перде ашылған сәтте ғұ­ламаның бейнесі және оның ту сыртындағы киіз үй, мәуелі ағаштар мен көк ас­пан­нан құралған үйлесімді ком­позиция алыстан көзге жы­лы ұшырай көрінді. «Поляк пош­тасы» мекемесінің берген ақпаратына сәйкес 135 мың данамен шығарылған мар­каның өлшемдері: 31,25x39,5 мм. Пошта маркасы 30 мау­сым­­нан бастап айналымға шы­ғарылмақ.

Салтанатты таныстыры­лымның ресми бөлімі аяқ­­­талғаннан кейін қазақ тарапы шараға қатысып, ақын тұл­ғасына ерекше ықылас біл­дерген қауымға танымал түркітанушы ғалым, қа­зақ тілінің білгірі, профессор Хенрик Янковскийдің тәр­жімасымен, Қазақстан елші­лігінің қолдауымен биыл екін­ші рет басылған Абайдың «Қара сөздерін» сыйға тартты. Ал жиналған қауым болса ақынның туындыларынан үзінділер оқып, оның өмірі мен қызметі туралы пікір ал­­масты. Осы орайда Абай Құ­нан­байұлын ұлықтау шарасына қатысушы азаматтармен сұхбаттасып, пікірін тыңдаған едік:

Томаш Зджикот, «Поляк пош­­­тасы» АҚ төрағасы: Біз қазақ тарапымен берік ын­ты­­­мақтастық орнатқанбыз. Оның мысалы, 2017 жылы ІІ дү­ние­­жүзілік соғыс жылдары Орта­лық Азияда жасақталған поляк әскерін есте сақтау мақ­сатында «Андерс әскері – үміт ізі» атты пошта марка­сын бірлесе шығарған бо­ла­тынбыз. Ал бүгінгі «Абай Құ­нанбайұлының ту­ғаны­на-175 жыл» пошта маркасын сал­танатты түрде таныстырып отыр­мыз. Бұл біз үшін үлкен мәр­тебе!

Ян Хофмокл, ПР СІМ Шы­­­ғыс департаментінің ди­­­ректоры: ХІХ ғасырда өмір сүр­гендігіне қарамастан Абай, қайта өрлеу кезеңінің адамы сынды жан-жақты, шын мә­ніндегі сегіз қырлы бір сыр­­лы тұлға болғандығын бі­ле­міз. Әрине ақындық – Абай­­дың бір қыры ғана. Біз қа­зақ ақынының өлең шу­­­мақ­тарымен қатар әуенін кел­­тірген сазгерлік өнерінен де хабардармыз. Дейтұрғанмен, Абай шығармашылығында оның қара сөздерінің орны ерекше. Өзінің Қазақстанға сапары барысында Рим Па­па­сы Иоан Павел ІІ Абай Құ­­­нан­байұлының қара сөз­де­рінен үзінді оқыған болатын. Жалпы, ғұламаның қара сөз­дерін әрдайым басшылыққа алған жөн деп білемін. Мен бала кезімнен пошта маркаларын жинаумен әуестендім. Осы сәтті пайдалана отыра аталған бірлескен жобаны жү­­зеге асырушы талаптарға ал­­ғысымды білдіремін.

 

Жандос Әуелбекұлы,

арнайы «Egemen Qazaqstan» үшін

Варшава (Польша)

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1211453
Пікірлер

Көрші сілтемелер