Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Шпаргалка» шалып жығады, білім алып шығады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 08:30 - 2020/07/01

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/240963-shpargalka-shalyp-dgyghady-bilim-alyp-shyghady


Таяуда Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қар­сы қызметтің «Antikor» орта­лығында өткен брифингте жергілікті білім беру басқар­масының басшысы Есенғазы Иманғалиев ҰБТ сынағы ке­зінде түлектер тарапынан бол­ған тәртіп бұзушылықтар жа­йында әңгіме өрбітті.

Жалпы, Қарағанды облысында ҰБТ сынағы 20 маусымда бастау алған, шілде айының 5 күні аяқталуы тиіс. Бүгінде өңір бойынша 6431 түлек 15 бекеттің базасында ұйымдастырылған емтихан аламанында бақ сынауда. Қанша жерден айтып түсіндірсе де, қорқытып ескертсе де, түлектер сынақ тәртібін бұзуды тоқтатар емес. Көбісі емтиханға рұқсат етілмеген заттарды өздерімен бірге ала барады. Қолына ұстап емес, әрине. Тығып, жасырып алып өтеді.

– Өкінішке қарай, тәртіпті бұзған 12 талапкерді емтихан залынан қуып шығуға тура келді, – дейді Есенғазы Иманғалиев. Тестілеу сынағы кезінде ты­йым салынған зат пайдаланылса, онда түлектің нәтижесі жарамсыз деп саналады да, ол бала биыл ҰБТ тапсыру құқығынан айырылады.

Міне, тәртіп осылайша қа­таң­датылған. Мұны түлек қана емес, әрбір ата-ана білуі тиіс және талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Тығып апарған ұялы телефонды пайдаланған немесе «шпаргалка» қолданған түлекке енді аяушылық деген болмайды. «Өкініштісі сол, осындай теріс әрекетке барған жастар өздерінің болашағына өлшеусіз зиян келтіруде...», деп қынжылыс білдірді Е.Иман­ғалиев.

Қазір тестілеу сынағы өтетін дәрісханалардың бәріне бейнекамералар қойылған, құрамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері мен қоғам қайраткерлері енген мониторинг тобы да жағдайды жіті бақылап отырады. «Бейнематериалдарға ұдайы мониторинг жасалады. Ең абзалы, мұндай жағдайда әрбір талапкер өз күшіне сенуі керек!», дейді облыстың бас мұғалімі.

Қазір «жаман тұмаудың» өршіп тұрғаны белгілі. Осыған байланысты, барлық ата-анаға емтихан тапсырып жатқан баласын ҰБТ бекетінің маңында күтіп отыруға тыйым салынған. Есесіне, әркімнің үйінде оты­рып-ақ, ҰБТ сынағының барысын онлайн режімінде көру­ге мүмкіндік жасалынған. Мұ­ның өзі санитарлық-эпиде­миялық жағдайды ушық­тыруға жол бер­меу үшін ойлас­тырылған іс-шара екенін әрбір ата-ана сана­лы түрде сезінуі тиіс.

Пандемия демекші, ҰБТ өткізу бекеттерінде күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар қарастырылған. Дәрісха­наға кірер алдында талапкер аяқ киімін, одан кейін қолын тазалап, дезинфекциялық өң­деу­ден өтеді. Сонымен қатар олар үшін термобақылау да ұйымдастырылған. Медици­налық-санитарлық тексеруден өткеннен кейін, талапкерлерге респираторлық немесе бір рет қолданылатын маскалар беріледі. Айтқандай, биыл ата-аналар мен түлек­тердің өтініші бойынша, ҰБТ сы­на­ғының уақыты 10 минут­қа ұзартылып, төрт са­ғат­қа тең болды. Әлбетте биыл­ғы ҰБТ талаптарының қа­таң бол­ғанын, оның үстіне сы­нақ­тың пандемия кезеңіне сәй­кес келіп, соның салдарынан та­лапкерлердің  бойында індет жұқтырып алмаймыз ба да деген шамадан тыс қобалжудың байқалғанын айтып,  мұң шақ­қан ата-аналар да болды. Бі­рақ заң және карантин талабы бәріне де ортақ болғаннан кейін, мұндай сынаққа түлектер психологиялық тұрғыда дайын болуы керек-тін.

ҰБТ сынағы кезінде күт­пеген оқиғалар мен түрлі мә­се­лелердің болуы әбден ықти­мал. Міне, осындай жағдайға сақадай-сай болу үшін тес­тілеу сынағы өтіп жатқан бе­кет ғимаратының ішінде же­дел жәрдем мен медицина қызметкерлерінің және жер­гілікті полиция өкілдерінің кезекшілігі ұйымдастырылған.

Биыл ҰБТ сынағынан сүрін­ген түлектер екінші мәрте бақ сынау мүмкіндігіне ие болады. Емтиханнан «құласа» да, жоғары оқу орнына түсу­ден үмітін үзбеген өрен алды­мыздағы тамыз айында немесе 2021 жылдың қаңтарында ақылы негізде тестілеуден өте алады. Бар болғаны 2242 теңге төлесе жетіп жатыр. Сонан соң тағы қайталап айтамыз, оқып адам болам деген алғадай жастың қойнына жасырған «шпаргалкаға» емес, білімінің шапағатына жүгінгені абзал болар еді.

 

Қарағанды облысы

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1211451
Пікірлер

Көрші сілтемелер