Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


229 оқушыға – «Алтын белгі»



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 08:27 - 2020/07/01

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/240965-229-oqushygha-–-altyn-belgi


Өңірлік коммуникациялар қыз­­­­­метінің мәліметіне сүйенсек, ҰБТ сынағы өзге өңірлер секілді Аты­рауда да 21 маусымда басталды. Сол күні Х.Досмұхамедов атын­дағы Атырау мемлекеттік уни­вер­ситетінің тестілеу орта­лы­­ғын­да сынаққа 222 түлек қатыс­ты. Тест тапсырушылардың бар­лығы санитарлық-эпидемиялық норма­ларға сәйкес, дезин­фек­циялаудың бес кезе­ңінен өтті.

Содан бері екі аптаға жуық мерзім өтсе де түлектер жина­ған жоғары балл туралы бірде-бір дерек жария етілмеді. Ал­ғашқы күні, тіпті одан кейін сы­нақта ҰБТ тапсырған түлек­тердің қаншасы жоғары балл жинағанын білгіміз келген еді. Алайда бұл әрекетімізден еш­­теңе өнбеді. Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақкенже Исан­бергенова ҰБТ орталығына сілтеді. Ал Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жанындағы тес­тілеу орталығының жетекшісі Айнагүл Дүйсекенова телефон тұтқасын көтермеді.

 Дегенмен Білім және ғылым министрлігі ҰБТ тапсырудың ашық­тығы мен объективтілігін қам­­тамасыз етуге ұмтылыс та­ны­­тып отырғаны даусыз. Осы мақ­­­сатта еліміздің барлық өңі­рін­­де жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына арнайы мони­то­­ринг топтың, «Атырау – адал­­­дық алаңы» жобалық кең­сесі­нің өкілдері мен агенттік қыз­меткерлері кірді.

Аталған топтың негізгі мақ­саты – тестілеуді өткізудің ашық­тығына мониторинг жүргізу. Мәселен, 24 мау­сым­­дағы жағдай бойынша Аты­рау облысында тыйым са­лынған заттарды алып өтуге жә­не пайдалануға тырысқан 32 түлектің ереже бұзғаны анық­талып отыр. Түлектердің кейбірі оқулықты жасырын түрде алып кіргісі келіпті.

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігі Атырау об­­лысы бойынша департаменті­нің ұсынған мәліметіне сүйенсек, осындай келеңсіздіктердің қоры­тындысымен тестілеуге жол бер­меу және тестілеу залынан шығару актілері жасалыпты. Соның ішінде Атырау қаласында 12, Қы­зылқоға ауданында 4, Мақат ауданында 3, Индерде 4, Жылыойда 6 жә­не Исатай ауданында 2 жағдай тіркеліп отыр.

Әрине «...адам аласы ішін­де» дегендей, ҰБТ тапсыр­ған тү­­лектердің кейбірі осындай ке­леңсіз әрекет жасады. Алай­да олар­дың бәрі бірдей заң бұзу­шы­лыққа бармаған шығар. Ендеше, атыраулық түлектердің қан­шасы 100-ден жоғары балл жинады екен?..

 

АТЫРАУ

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1211448
Пікірлер

Көрші сілтемелер