Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Тестілеуге қатыстырылмағандар да аз емес



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 08:18 - 2020/07/01

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/240964-testileuge-qatystyrylmaghandar-da-az-emes


Салалық білім басқармасы өкілінің айтуынша, биылғы ҰБТ кезінде жылдағыдай заң бұзушылық орын алған. Алайда былтырмен салыстырғанда көрсеткіш төмен. Түркістан облысында 200 бітіруші ҰБТ кезінде түрлі құйтырқылыққа бармақ болған. Талапкерді тексеру кезінде емтиханға алып кіруге тыйым салынған заттар табылған. Бұл туралы тестілеу барысын талқылауға арналған брифингте Түркістан облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Құдайберген Шербаев айтып берді. Сондай-ақ Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында ҰБТ кезінде 10 минутқа бейне-трансляция үзілген.

Ал Түлкібастағы мемлекеттік комиссия құрамына енген білім бөлімінің бас маманы мен мемлекеттік комиссия төрағасының ауырып қалуына байланыс­ты мелекеттік комиссия төрағасы міндеті білім бөлі­мі­нің бас маманына жүктелген. Алайда аталған мем­лекеттік қызметкерлер оқушыларға көмек беріп жат­қанын ҰҚК қызметкерлері бейнежазбаға түсіріп алған. Жасалған заңбұзушылық бойынша ішкі істер орган­дарының тергеу тобы шақырылып, тиісті шаралар жүргізілуде. Дегенмен тестілеу пункттерінде сани­тарлық талаптардың сақталуы үшін облыс көлемінде дайындық қарқыны бәсеңдеген емес. Яғни санитарлық нормалардың сақталуы қатаң бақылауға алынған.

«Түркістан облысында 26-28 маусым аралығында 13 аудан-қалада және Сайрам ауданы, Шымкентте орналасқан Silkway университетіндегі пункттерде ҰБТ өткізілді. Аталған үш күнде ҰБТ тапсыруға өтініш берген оқушылардың 6714-і тест тапсыру керек болатын. Бірақ 132 оқушы тестілеуге келмеді. 28 оқушы кіреберісте тыйым салынған заттарды алып кірмек болғандықтан тестілеуге кіргізілмеген. Бар­лығы 6554 оқушы ҰБТ-ға қатысып, оның ішінде ҰБТ ережесін бұзғаны үшін 39 оқушы аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижесі жойылды», дейді Азамат Серікбайұлы.

Биыл ҰБТ өте күрделі кезеңде өтіп жатыр. ДДҰ Covid-19 вирусын пандемия деп жариялануына байланысты еліміздегі білім бәйгесіне мемлекеттік деңгейде  көңіл бөлінуде. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде 160 талапкер ереже бұзған. ҰБТ-да ереже бұзғандардың басым бөлігі Шымкент және Түркістан облысында тіркелді.

 

Түркістан облысы

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1211444
Пікірлер

Көрші сілтемелер