Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ресейде жалпыұлттық референдум аяқталады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 07:57 - 2020/07/01

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/240959-reseyde-dgalpyulttyq-referendum-ayaqtalady


Президент өкілеттігін ұзарту бойынша ұсынысты биыл 10 наурызда Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Валентина Терешкова ортаға салды. Қазіргі заңға сәйкес, президенттің 2024 жылдан кейін мемлекет басшысы болып қайта сайлануға мүмкіндігі жоқ. Депутат В.Терешкова өз ұсы­ны­сын дәл қазіргі уақытта елде тұ­рақтылықты сақтап қалу маңыз­дылығымен бай­ланыстырды. РФ Конституциялық соты бұл түзетуді дұрыс деп қабылдады.

Бүгінгі өтетін референдумда ресейліктерге тек бір сұрақ қо­йылмақ. «Ел Конституциясына өзгер­тулер енгізуге келісіміңізді бере­сіз бе?» деген сауалға аза­мат­тар «иә» не «жоқ» деп қана жауап бермек. Мәскеу мен Нижегород облыстарының тұрғындары ғана электронды дауыс беруде.

27 маусымдағы алдын ала нә­тиже бойынша, электронды дауыс берушілердің 70,25 пайызы науқанға қатысқан. Бұл дегеніміз, 836 474  азамат өзінің онлайн да­­у­ыс беру құқығын қолданған. Екі об­лыс бойынша электронды дауыс бе­руге 1 190 726 адам тір­кел­ген. Ал дауыс берудің ал­ғаш­қы күні халықтың 9,2 пайызы бел­сенділік танытқан.

Тәртіп бұзушылық та жоқ емес. Сайлау комиссиясының төрағасы Элла Памфилова азаматтардың дауыс беруге мәжбүрленгені ту­р­алы шағымдар түскенін ха­бар­лады. «Кеше 105 шағым түс­се, бүгін 113 адам күшпен дауыс беруге мәжбүр болғанын хабар­лады», деді. Сонымен қатар ша­ғым­данушылардың кейбірі нақты жауап таңдауға қатысты да қысым көргенін айтқан.

Референдум нәтижесінде не­гіз­гі заңдағы 22 бап өзгермек. Бап­­тарды Мемдума, Федерация ке­ңесі, Конституциялық сот пен аймақтар парламенттері тал­қы­лап, келісімін берді. Қазіргі заң­ға сәйкес, Ресей президенті жо­ғар­ғы мемлекеттік қызметке үшін­ші рет сайлана алмайды. Ал ха­лық өзгерістерге келісім бер­­се, Владимир Путиннің бұ­ған де­йінгі президенттігі есепке алынбай, оған 2024, 2030 жыл­дары қайта сайлануға мүмкіндік бер­мек. Осылайша мемлекет басшысы 2036 жылға дейін билік басында қала алады. Одан бөлек жаңа заң бойынша, отбасы – ер мен әйелдің одағы деп қарас­ты­рылмақ. Ресейді КСРО-ның жал­ғасы ретінде қарастыру да ұсы­нылған өзгерістер қатарында. Со­нымен қатар мемлекеттік қызмет­керлерге қатысты жаңа тәр­тіп қарастырылып отыр. Атап айтар болсақ, аймақтар мен фе­дералдық ведомство басшы­лы­ғына тек 30 жасқа толған азамат тағайындалып, шетелде есепшоты және сол жақта тұруға уақытша рұқсаты болмау керек.

Президенттікке үміткерге қа­тыс­ты талаптар да күшейтілмек. Атап айтар болсақ, үміткер Ресей территориясында 25 жыл тұруы керек, оған қоса ешқашан басқа елде азаматтығы, уақытша тұруға рұқсаты болмау талабы да заңмен бекітілмек.

Елдегі оппозиция мен оның жақтастары президентті бұған келісім бергеніне айыптауда. Одан бөлек өзгерістер халықаралық сот пен Адам құқықтары бо­йын­ша Еуропа сотының шеші­мін орындамау мүмкіндігін қарас­тырып отыр. «Құқық арқылы де­мократия үшін» Еуропа комис­сиясы мұның салдарынан елдегі Конституциялық соттың саяси қысымға ұшырайтынын айтуда.

Кейбір ресейлік депутаттар да өзгерістерге қарсылығын біл­діріп ашық хат жолдады. Мәс­кеу облысының Тимирязев ау­да­нының муниципалды депутаты Юлия Галямина аталған өзгеріс Путиннің шексіз билігіне әкеледі деп наразылығын білдіріп, қол жи­нады. Бір күннің ішінде аймақтық парламенттерден 250-ден астам қол қойылды.

Осы орайда Қазақстанның Бай­­қоңыр қаласында да дауыс беру өтіп жатыр. Аймақта 7 да­уыс беру комиссиясы жұмыс іс­теу­де. Рес­ми мәлімет бойынша, Бай­қо­ңыр қаласында 13 мың Ре­сей Фе­де­рациясының азаматы тұрады.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1211434
Пікірлер

Көрші сілтемелер