Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-171646515737 %63 %
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-1918849844 %56 %

Алматы облысында 17 адам қызылшамен ауырғаны расталды | Serke.org



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Серке ақпарат

Жолданған уақыты: 15:40 - 2019/01/26


Алматы облысында 17 адам қызылшамен ауырғаны расталды | Serke.org

Алматы облысында 17 адам қызылшамен ауырғаны расталды

Алматы облысында 17 адамның қызылша ауруына шалдыққаны расталды, деп хабарлайды аймақтық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

"2018 жылдың 1 қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін бастапқы диагнозбен қызылша ауруына шалдығудың 39 оқиғасы тіркелген, соның ішінде 14 жасқа дейінгі 35 бала бар. Науқастардың барлығы зертханалық тексеруден өтіп, ауруға шалдығудың 17 оқиғасы (46 пайыз) расталды, соның ішінде алты адам - бір жасқа дейін екпе жасалмаған балалар, үшеуіне денсаулық жағдайына байланысты екпе жасалмаған, тағы екеуі - екпеден бас тартқандар», - деп түсіндірді ведомстводан.

Бастапқы диагноз қойылған барлық оқиғалар бойынша эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатқаны атап өтіледі. Науқастармен байланыста болған 932 тұлға медициналық бақылауға алынды. Індет ошақтарында эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 76 адамға вакцина егілді, эпидемияға қарсы шаралар жалғастырылуда.

«Бүгінде індеттің алдын алып, онымен күрес жүргізудің ең қолжетімді әрі тиімді әдісі - вакцина егу. Профилактикалық екпе жасау Ұлттық күнтізбесіне сәйкес, балаларға қызылша ауруына қарсы екпе 12 айында, сосын 6 жасында қайта жасалады. Қалыптасқан иммунитет бұл дерттен қорғап, немесе, жұқтырған жағдайда онымен жеңіл түрде, асқынусыз ауыруға көмектеседі», - деп баяндады облыстық ҚДСД-нен.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=39&id=939132
Пікірлер

Көрші сілтемелер