Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-14529148652 %48 %

ТЖД бойжеткенді судан құтқарған азаматты мемлекеттік марапатқа ұсынды - Қазақстан жаңалықтары, соңғы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 04:40 - 2016/08/31



Мерекеде Астана қаласының төтенше жағдай департаменті Ата Заңды сақтап, қызметін абыроймен атқарған майталмандарды марапаттады.

Алғыс хат алғандардың арасында Расул Байтеленов та бар. Ол бойжеткенді судан құтқарып, өлім аузынан алып қалған еді.

Отбасымен Есілдің жағалауында серуендеп жүрген отағасы Расул Байтеленов бейбіт заманның батыры. 9 тамыз күні ол дәл осылай бос уақытында бой сергітіп жүріп, төтенше жағдайға куә болды. Аптап ыстықта суға түскісі келген Ақерке Жиенхан есімді жас қыздың өзенге батып бара жатқанын алдымен құрбылары байқайды. Абырой болғанда, көмекке дер кезінде келген Расул еш ойланбастан, суға ағып бара жатқан адамды ажал аузынан құтқарып қалды.

Расул Байтеленов, Астана қаласының тұрғыны:

- Шынын айтқанда, ол жерде жылдам шешім қабылдау керек болды. Ештеңе ойлауға да мұрша болған жоқ. Батып бара жатқан қыз менің мойнымнан ұстап алды. Сөйтіп, мен оны жағаға шығардым. Кәсіби құтқарушылардың айтуынша, негізі шашынан тартып, тағы басқа амалдармен шығару керек екен. Әйтеуір, адамды аман алып қалғаныма қуаныштымын.

Жалпы республика бойынша жыл басынан бері қауіпті аймақта суға түсіп, 394 адам қайтыс болған. Әсіресе тиым салынған жерлерде қайғылы жағдайлар көптеп болатыны түсінікті жағдай. Сондықтан Расулдың ерлігі баршаға үлгі. Төтенше жағдайлар қызметінің басшылығы енді оны мемлекеттік марапатқа ұсынбақ.

Барат Дұзақбаев, Астана қалалық ТЖД басшысы:

- Енді бұл кісіні біз енді марапатқа ұсынбақпыз. Медальді беруге үлесімізді қосамыз деп отырмыз. Жай осындай құтқарушылардың орталарында да осындай азаматтардың болғанына біз өте қуаныштымыз. Неге десеңіз, жалғыз өзіміз оның барлығын істей алмаймыз.

37 жастағы Расул – Қарағандының тумасы. Бірнеше жыл қаржы полициясында қызмет атқарды. Қазір елордада Адвокаттар алқасының мүшесі. Өз ерлігін тек азаматтық борышым деп қабылдайтын ер жігіттің мақсаты екі ұлына өнегелі тәрбие беру.

Авторлары: Елдос Сапарғали, Бауыржан Қадыржанов

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=648770
Пікірлер

Көрші сілтемелер