Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


СҚО-да 22 жастағы бойжеткен бес күннен бері табылмай жатыр - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықта



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 20:00 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/466351-s-o-da-22-zhasta-y-bojzhetken-bes-k-nnen-beri-tabylmaj-zhatyr



СҚО-да 22 жастағы бойжеткен бес күннен бері табылмай жатыр


Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары мен волонтерлер бес күн бұрын үйінен шығып қайтып оралмаған бойжеткенді таба алмай жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Волонтерлердің мәліметі бойынша, Петропавл тұрғыны Елизавета Алимовна Матюхина 22 жаста. Ол 3 сәуір күні сағат 12:00 шамасында тұрғылықты жері Уәлиханов көшесі, 17 үйден шығып кеткен. Қайда кеткенін ешкімге айтпаған.

Бойжеткеннің бойы 165-167 см шамасында, арықша келген, қой көзді, сарғылт шашты. Алдыңғы екі тісі алға шығыңқырап тұрады. Сол күні үстінде капюшоны бар қара күртеше, қара-көк шалбар және аяғына галош киген.

Жоғалған адам жайында қандай да бір мәлімет болған жағдайда 8 777 608 88 49, 8 701 375 92 91, 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1385849
Пікірлер

Көрші сілтемелер