Медицина, білім беру қызметкерлерімен қатар вакцинаны құқық қорғау органдарының қызметкерлері де ала бастады. Сала мамандары қолданыстағы алгоритм бойынша тексеруден өтті. Бірнеше күннің ішінде 300-ге жуық тәртіп сақшысы иммундау шараларына өз еркімен қатысты.
Айта кетейік, бүгінде аймақ бойынша жүзден астам екпе салу кабинеті жұмыс істейді.
Даяндах Бердыбек, кавалериялық взвод командирі:
- Біз, полиция қызметкерлері күнде көптеген азаматтармен қарым-қатынасқа түсеміз. Сондықтан бізге азаматтардың денсаулығы өте маңызды.
Ерлан Шәріпов, облыстық ПД госпиталінің басшысы:
- Мамыр айының соңында вакцинаның екінші компонентін аламыз. Екі ай ішінде полиция қызметкерлерінің барлығына екпе саламыз. Қалада шамамен екі мыңдай қызметкер болса, 70 проценті міндетті түрде екпе алмақ.