Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Студенттер мен магистранттар қорытынды жұмыстарын онлайн қорғайды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жа



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 19:10 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/466346-studentter-men-magistranttar-orytyndy-zh-mystaryn-onlajn-or-ajdy



Студенттер мен магистранттар қорытынды жұмыстарын онлайн қорғайды


Докторантураға қабылдау электрондық форматта, ал диссертацияларды қорғау онлайн режимде жүргізіледі.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына түсу ережелері өзгертілді. Енді докторантураға қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылады. Өткен жылы бұл тәсіл магистратураға қабылдау кезінде тиімділігін көрсетті.

ҚР БҒМ мәліметінше, пандемияға байланысты студенттер мен магистранттарға қорытынды жұмыстарын онлайн форматта қорғауға рұқсат етілді. Егер дипломдық жұмыс немесе магистрлік диссертация онлайн форматта қорғалған болса, студенттерден «мөр» мен «қолтаңба» талап етудің қажеті жоқ.

Сонымен қатар енді барлық докторлық диссертация желіде трансляциялау арқылы онлайн режимде қорғалатын болады. Бұл ғылыми жұмыстарды қорғау рәсімінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді.

Биыл бакалавриат пен магистратураға қанша грант бөлінетіні белгілі болды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1385812
Пікірлер

Көрші сілтемелер