Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Петропавлда еріген қар жаңадан салынған шағын аудан тұрғындарын әбігерге салды - Қазақстан және әлем



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 18:10 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/466316-petropavlda-erigen-ar-suy-zha-adan-boj-k-tergen-sha-yn-audan-t-r-yndaryn-bigerge-saldy



Петропавлда еріген қар жаңадан салынған шағын аудан тұрғындарын әбігерге салды


Петропавлда еріген қар суы жаңадан бой көтерген «Солнечный-2» шағын ауданы тұрғындарын әбігерге салды. Себебі су аулаларға жайыла бастаған.

Баспаналарына жуырда ғана қол жеткізген тұрғындар «қар суы үйге кіріп кете ме» деп алаңдайды. Қазір коммуналдық қызметкерлер су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жалпы айта кету қажет, аталған ауданда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бірнеше құрылыс компаниясы 200-ден астам үй тұрғызған. 

Олеся Ганакина, қала тұрғыны:

- Мына жақта суағарлар жоқ. Тек көшенің шетінде құбыр орнатылған екен. Ал ол қардың астында қатып жатыр. Сәйкесінше ешқайда кетпеген су аулаларға жиналып жатыр. Әкімдікке хабарласып көмек сұрадық. Енді міне коммуналдық қызметшілер келіп, жұмысты жәймен бастап жатыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1385760
Пікірлер

Көрші сілтемелер