Олар оқиға орнынан дереу жеткенімен, адамдарды құтқару мүмкін болмады. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан отағасы қызыл жалынның құрсауынан бір баласын аман алып шыққан. Артынша екінші перзентін құтқармақ болып, жанып жатқан үйге қайта кіріпті. Алайда түтінге уланып, өзі де, баласы да ажал құшты.