Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жол азабынан шаршадық – алғабастық тұрғындар - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 23:10 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/457328-zhol-azabynan-sharshady-al-abasty-t-r-yndar



Жол азабынан шаршадық – алғабастық тұрғындар


Алматыдағы Алғабас ықшам ауданының тұрғындары жол азабынан шаршадық дейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұрттың әупірімдеп жасатқан қара жолын екі жыл бұрын мердігер компания құбыр тартамыз деп ойып тастаған, бірақ жұмысты әлі аяқтамаған. Алғабасқа такси мен жедел жәрдем қызметін шақыру қиын.

Жергілікті биліктен иненің жасуындай да жылу көрмеген алғабастық тұрғындар жаз болса қара жолдың шаңына көміліп, қыс батпаққа батып жүргенімізге біраз жыл дейді. Тіпті бұл көшелермен жаяу жүргіншілер емес мынадай көліктер де жүре алмайтын жағдайға жеткен.

Бұл ықшам ауданның орталығындағы көшеден басқасында бұрын асфальт болмаған. Жолы жоқ көшелерге тұрғындар өздері ақша жинап тас төгіп, ескі асфальт төсеткен. Бұл жоқтан жоғары еді. Ал 2019 жылдың күзінде су және кәріз құбырлары тартыла бастайды. Инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары әлі аяқталатын емес. Соның кесірінен батпаққа батып қалдық дейді алғабастықтар. Түсірілімге барған біздің көлік те белуардан лайға тұрып қалды.

Шынар Абирова, Алғабас ықшам ауданының тұрғыны:

– Жедел жәрдем шақыруға да мүмкіндік жоқ. Бізге келмейді. Мысалы, такси шақырсақ та келмейді, таба алмайды. Көшелерімізбен жүре алмайды. Таңертең жұмысқа шығудың өзі қорқынышты. Қараңғыда жұмысқа шығамыз, жарық жоқ.

Әмірдін Садыров, Алғабас ықшам ауданының тұрғыны:

– Бір сау көше жоқ. Бәрі балшық, балалар жүре алмайды, мектепке де бара алмайды. Өткенде де қиын болды. Кейбір көшелердің шамдары жанбайды. Салған лампочкалары күйіп кетті. Қысты күні мұз, көшеге қарап жатқан кісі жоқ. Әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ.

Қала әкімдігінің мәліметінше, ықшам ауданға су және кәріз құбырын тарту үшін 1,4 млрд теңге бөлінген. Қомақты қаражатқа 13,5 шақырым су мен 17 шақырым кәріз құбыры төселіп жатыр. Инженерлік желілерді тарту наурыздың ортасында аяқталады екен. Ал жолдарды қалпына келтіру содан кейін ғана қолға алынады. 

Ермек Жұмағалиев, қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық басқармасының бөлім басшысы:

– Алғабас ықшам ауданы бойынша Орақты батыр, Молдағұлова, Сәмен батыр, Жаңа құрлыс көшелері бойынша тас төселіп жатыр. Бірақ жұмыстың көлемі үлкен болғандықтан, үлгермей жатқандықтан барлық жұмысты 15 наурызға дейін аяқтауға жоспарлап отыр. Жоба бойынша асфальты бар көшелерде асфальтты қалпына келтіру траншеяның жалпақтығы бойынша қарастырылған. 1 наурыздан бастап асфальт зауыт ашылғаннан кейін түгелдей мердігер компаниясы қалпына келтіруге кіріседі.

Әкімдік Алғабас ықшам ауданындағы барлық көшеге толықтай қашан асфальт салынатынын айтпады. Қазіргі жоспар бойынша бұрын тас төселген көшелерге қайтадан тас төгіп, асальты асфальттап береміз деп отыр.

Аршын Кемелжан, Кенже Амраев

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1359864
Пікірлер

Көрші сілтемелер