Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы облысында адасып кеткен үш бала тау шатқалынан табылды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 18:50 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/457272-almaty-oblysynda-adasyp-ketken-sh-bala-tau-shat-alynan-tabyldy



Алматы облысында адасып кеткен үш бала тау шатқалынан табылды


Алматы облысында ойнап жүріп, адасып кеткен балалар тау шатқалынан табылды, деп хабарлады Polisia.kz.

18 ақпанда сағат 14:35 шамасында Кеген аудандық полиция бөліміне 1976 жылы туған азаматша жеті жастағы екі баланың және тоғыз жастағы бір баланың ойнауға кетіп, оралмағанын айтып жүгінген.

«Балалардың жоғалғаны туралы хабар түсе салысымен бірден іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Нәтижесінде сол ауылдық округке жауапты учаскелік полиция инспекторы С.Баянбекұлы мен ЖПҚБ ювеналды полиция тобының инспекторы Ж.Малибеков сағат 15:30 шамасында балаларды тау шатқалында ойнап жүрген жерлерінен тауып, анасына табыстады. Балалардың ойнап жүріп, тау ішіне кіріп адасып кеткендігі белгілі болды. Ювеналды полиция тобының қызметкерлері балалардың анасымен профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді», – деді Кеген аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Үркімбаев.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1359730
Пікірлер

Көрші сілтемелер