Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ДДСҰ: Биыл адамзат ұжымдық иммунитетке қол жеткізе алмайды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықта



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 22:50 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-i-a/item/448931-dds-biyl-adamzat-zhymdy-immunitetke-ol-zhetkize-almajdy



ДДСҰ: Биыл адамзат ұжымдық иммунитетке қол жеткізе алмайды


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының хабарлауынша, биыл адамзат ұжымдық иммунитетке қол жеткізе алмайды.

Вакцинаның пайда болуына қарамастан, індет өрши түсуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирус қайтадан белең алды. АҚШ пен Ұлыбританияда пандемия басталғалы кісі өлімі артып келеді. Қытайда соңғы 8 айда алғаш рет індеттен адам өлімі тіркелді. Ал, Испанияда қарттар үйінде вакциналау жүргенімен, індет жұқтырғандар көбейіп жатыр.

Вакцина демекші, Түркияда бүгін халыққа екпе салу жұмыстары басталды. Әлемдегі ковид-ахуал жайлы арна тілшісі Жұлдыз Атагельдиева баяндайды.

Диктор:

- Жұлдыз, негізі басқа елдердегі вакциналау жайлы не белгілі?

Жұлдыз Атагельдиева, тілші:

- Жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алдағы 100 күн ішінде әлемнің барлық елінде коронавирусқа қарсы вакцина басталуы тиіс деген болатын.

***

АҚШ-та коронавирустан адам өлімі бойынша антирекорд тіркелді

АҚШ-та соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар бойынша антирекорд тіркелді. Бір күнде 4237 адам қайтыс болған. Соңғы дерек бойынша елде вирустың мүлде жаңа екі штамы анықталды. Екі түрін жұқтырғандар да Огайо штатының аумағында тіркелді. Мамандар жаңа мутация «британдық» штамм секілді тез тарайтынын айтады. Дегенмен, вакциналардың тиімділігіне еш әсер етпеуі тиіс деп топшылап отыр. Бұл Огайо штатындағы ахуал. Ал, Нью-Йорк шатында "британдық" штамды жұқтырудың оннан аса дерегі расталды.

Билл де Блазио, Нью-Йорк қаласының мэрі:

- Соңғы мәлімет бойынша Нью-Йок штатында «британдық» штамның 12 дерегі расталды. Соның екеуі Нью-Йорк қаласында тіркелген. Науқастардың біреуі жақында Ұлыбританиядан оралған екен. Халықаралық рейстермен ұшып келгендерден коронавирусқа тест талап ету жеткіліксіз. Шұғыл түрде Ұлыбританиямен арадағы әуе қатынасын тоқтатуымыз керек.

***

Disneyland вакциналау орталығына айналады 

Осы АҚШ-тағы Диснейленд ойын-сауық паркі елдегі ірі вакциналау орталығына айналады. Ол 2020 жылдың наурызынан бері жабық тұр. Енді бірнеше күн ішінде бұл орында күніне мыңдаған адам екпе ала бастайды. Соңғы уақытта осы Диснейленд орналасқан Калифорнияда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артып кеткен. Сондықтан жергілікті билік вакциналау орталықтарын штат аумағындағы стадиондар мен көрме кешендерінде де ашуға ниетті.

Эндрю До, Ориндж округі байқаушы кеңесінің төрағасы:

- Диснейленд әкімшілігіне өз нысанын ұсынып, материалдық-техникалық қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Әдетте вакциналау орталығын ашу үшін айлар кетеді. Алайда біз мұны бірнеше күн ішінде жасадық. Енді Диснейленд аумағындағы орталықта күніне 7 мыңнан аса адам екпе ала алатын болады.

***

Ұлыбританияда әрбір елуінші тұрғын вирус жұқтырған

Ұлыбританиядағы эпидемиологиялық ахуал нашарлап кетті. Мұнда кейінгі тәулікте коронавирустан 1564 адам көз жұмып, антирекорд тіркелді. Елде 4 қаңтарда үшінші ұлттық локдаун жарияланған. Алайда індет жұқырғандар саны азаяр емес. Оған вирустың «британдық» штамының анықталуы әсер етсе керек. Өйткені бұл мутация өте тез тарайды. Sky News телеарнасының хабарлауынша, қазір Англияның әрбір 50-ші және Лондоннның әрбір 30-шы тұрғыны коронавирус жұқтырған. Сондықтан билік ұлттық локдаунды наурыздың соңына дейін ұзарту мәселесін талқылап жатыр. Қазір ірі шаһарлардағы ауруханаларда орын жетпей жатыр. Сол себепті вакцина салдыруға ниет білдіріп жатқандар саны артып келеді. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, екпе алуға жасы 70-тен асқан қарттардың 95%-і келіскен. Билік бразилиялық мутациядан да үлкен қауіп төніп тұрғанын айтады.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:

- Бразилияда анықталған коронавирустың жаңа штамы туралы жаңалықтарды естіп, алаңдап отырмыз. Біз шетелден келетіндерден індет жұқпау үшін қатаң шаралар қабылдадық. Енді Бразилияға қатысты да шектеуклерді күшейтуге мәжбүрміз.

***

Италияда төтенше жағдай сәуірдің соңына дейін ұзартылды 

Ал, Италияда коронавирусқа қатысты енгізілген төтенше жағдай тәртібі 30 сәуірге дейін ұзартылды. Өйткені соңғы уақытта елде эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Жансақтау бөліміне түсіп жатқан науқастар саны көбейген. Италияда төтенше жағдай тәртібі былтыр 31 қаңтарда жарияланған. Сол уақыттан бері бұл режим ұзартылып келеді.

***

Испанияда вакцина алған қарттар вирус жұқтырып жатыр 

Испанияда да антирекорд. Мұнда бір күнде коронавирусты 39 мыңға жуық адам жұқтырған. Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең үлкен тәуліктік өсім. Елде желтоқсанның соңында вакциналау басталған. Ең алдымен екпе қарттар үйіндегі адамдарға салынды. Алайда дәл осы мекемелер қазір індет ошағына айналды. Мамандар «препарат әлі әсер етіп үлгермеді» деп түсіндіреді. Жалпы пандемия басталғалы Испаниядағы қарттар үйінің 25 мыңнан аса тұрыны коронавирустан көз жұмған екен.

Беатрис Фернандес, қарттар үйінің директоры:

- Коронавирустан қарттар үйі қатты зардап шекті. Қыметкерлеріміз қолдан келгенше күресті. Алайда қөп адамнан айырылып қалдық.

***

Түркияда вирусқа қарсы жаппай вакциналау басталды

Ал, Түркияда коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау науқаны басталды. Осыдан екі апта бұрын Бейжіңнен келген 3 миллион дозалық екпе 14 күн бойы түрік зертханаларында тексеріліп, елдің дәрі-дәрмек және препараттар мекемесі тарапынан шұғыл түрде мақұлданды. Тақырыпқа қатысты осы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағаттан тілдесіп көрейік.

Диктор:

- Меруерт кеш жарық! Екпе бірінші кезекте кімдерге салынады?

Меруерт Қанағат, тілші:

- Түрік телеарналары бүгін таңсәріден бастап «Туннелдің соңында жарық көрінді», «Коронавирусқа қарсы үміт» деген атаумен хабар таратып жатыр. Бұған елдегі жаппай вакциналау науқанының басталуы себеп. Алғашқы болып ковидке қарсы екпені елдің денсаулық сақтау министрі мен коронавирус жөніндегі білім кеңесінің мүшелері алды. Мұндағы мақсат халықты жаппай вакциналауға үгіттеу. Соңғы уақытта тарқап кеткен екпеге қатысты қауесеттерді теріске шығару.

Фахреттин Қожа, Денсаулық сақтау министрі:

- Барлық азаматтарды екпе ектіру қажеттілігіне назар аударғым келеді. Өйткені бұл аурудан қорғанудың басты жолы вакцина. Қалыпты өмірге оралудың құралы екпе салдыру болып тұр.

Меруерт Қанағат, тілші:

- Бірінші кезекте Қытайдан алдырылған Sinovac компаниясының CoronaVac вакцинасы елдің шартарабында вирусқа қарсы алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне салынып жатыр. Екпе бір кісіге екі дозамен 28 күнде бір салынады. Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше сағаттың ішінде 150 мыңнан астам дәрігерлерге салынғанын хабарлады. Тіпті COVID-19 вакцинасы ақпараттандыру платформасы атты интернет парақшасын ашып, сағат сайын қанша кісіге екпе салынғаны жөнінде статистиканы жариялап отыр.

Бірінші кезектегі топқа жататын медицина қызметкерлері мен қарттар және балалар үйі тұрғындары, 65 жастан асқандарды вакциналау бір аптада аяқталуы тиіс.

Айта кетерлігі, коронавирусқа қарсы әрбір екпе үшін арнайы «Q» код енгізілді. Мұндағы мақсат – алдағы уақытта екпенің организмге теріс әсер еткен жағдайдағы себептерін анықтау. Яғни, екпеден бе? Ағзадан ба? Әлде вакцинаны салу барысында жасалған қателіктен бе? Осы жағдайларды анықтау.

Илкнур Дениз, медбике:

- Он айдан бері қауіпті індетке қарсы күресіп жатырмыз. Бүгін бізге вакцинаның алғашқы дозасы салынды. 28 күннен кейін екіншісі салынады. Елімізде екпе мақұлданғаннан кейін алғаш болып бізге егілді. Вирусты жеңетініне қатты үміттенеміз.

Диктор:

- Екпе міндетті ме? Вакциналарға қарсы кісілердің де бар екені белгілі. Сосын Түркия Қытайдан басқа қай елдің екпелерін қолданбақшы.

Меруерт Қанағат, тілші:

- Түркияда екпе міндетті емес. Сондықтан коронавирусқа қарсы жасалатын екпе де солардың қатарында. Алайда, Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның маңызды екенін насихаттап жатыр. Екпеден бас тартқан азамат не себепті вакцинадан бас тартқанын түсіндіретін түсінікхат жазуы тиіс. Сондай-ақ коронавируспен ауырып шыққан азаматтарға әзір екпе егуге кеңес берілмейді. Оның қанындағы антиденелер толық жойылса, екпе салдыруға үгіттеледі. Жалпы елде ковидке қарсы екпе тегін және ерікті түрде жүргізіледі.

Бұдан бөлек, Түркия Қытайдан 50 миллион доза SinoVac, немістің 30 миллион доза BioNTech вакцинасын сатып алу жөнінде келісімге келген. Сонымен қатар елде отандық екпенің сәуірде дайын болатынын мәлімдеп отыр.

***

Ресейде үшінші вакцина ақпанда тіркелуі мүмкін

Жалпы вакцина демекші, көрші Ресей ақпанда үшінші вакцинасын тіркеуі мүмкін. Чумаков атындағы орталық өкілдері тиісті құжаттарын дайындап жатқанын айтты. Осыған дейін тіркелген ресейлік препараттардың қатарында Спутник V және «ЭпиВакКорона» болған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1335752
Пікірлер

Көрші сілтемелер