Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Өскеменде екі апта ішінде ауаның біршама тазарғаны байқалған - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалық



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 22:20 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/448936-skemende-eki-apta-ishinde-auany-birshama-tazar-any-baj-al-an



Өскеменде екі апта ішінде ауаның біршама тазарғаны байқалған


Өскеменнің экологиясына ауа райы тікелей әсер етеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені қатты аязда қалада көлік нөпірі айтарлықтай азаяды. Тұрғындардың көбі көліктерін оталдырмайды. Бұл ауадағы азот диоксидінің азаюына септігін тигізген. Қалада орнатылған экобекеттерден жиналған мәлімет бойынша қаңтардың алғашқы екі аптасында ауаның біршама тазарғаны байқалған. Дегенмен, күкірт диоксиді төмендеген жоқ. Аймақтық экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары ауаны негізінен автокөліктер ластайтынына көз жеткізген. Облыстық «Қазгидромет» мекемесі де осындай қорытынды жасап отыр. Жалпы шығыста автокөліктер ауаға жыл сайын 50 мың тоннадан астам зиянды қалдықтар шығарады.

Геннадий Корешков, облыстық экологиялық қауіпсіздік орталығының директоры:

- Егер қаладағы өндіріс пен фабрикалар ауаға бір жылда шамамен 54 мың тонна зиянды заттар шығарады. Ал автокөліктер 50 мың тоннаға дейін зиянды газ бөледі. Негізінен азот диоксиді мен бензеприн.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1335742
Пікірлер

Көрші сілтемелер