Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Теңіз кенішіне кіреберістегі блок-бекеттен тікелей эфир - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 20:30 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/448896-te-iz-kenishine-kireberistegi-blok-beketten-tikelej-efir






Қауіпті індет белең алып, карантин басталғалы еліміз бойынша Теңіз кенішіндегі блок-бекеті ғана жұмысын тоқтатқан жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аурудың ошағына айналған кен орнына кіріп-шығу қатаң бақылауға алынған. Мұнайлы өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың мың құбылуына да сол кен орнындағы жұмысшылар арасында аурудың көп таралуы себеп. Қазір Теңіз кенішіне кіреберістегі блок-бекеттен әріптесім Асланбек Шығыр тікелей эфирге шыққалы тұр. Ол жердегі жағдайды өзінен білейік.

Асланбек Шығыр, тілші:

- Иә, мен қазір елімізде әлі күнге дейін жұмысын тоқтатпаған жалғыз ғана блок-бекетте тұрмын. Бұл міне, Теңіз кенішіне кіреберісте орналасқан. Ауру жұқтарғандар кен орнында көп тіркеліп отырғаннан кейін ондағы қауіпсіздік қатаң бақылауға алыныпты. Кіріп-шыққан әр азамат осы жерден толық тексеріледі. Яғни, құжаттары, ПТР анықтамасы болуы керек. Дене қызуы да осы жерден өлшенеді. Содан кейін ғана оның өтуіне рұқсат беріледі. Енді бұл жерден күніне  адам тексерістен өтеді.

Айта кетейік, бұл блок-бекетті айналып өтпек болғандар да жоқ емес. Алайда, тәртіп сақшылары оларды дереу қолға түсірген. Бұған дейін де айттық, тіпті жалған ПТР анықтамамен де өткісі келген жұмысшылар да кездескен. Бұл блок-бекетте қазір полиция қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық бөлім мамандары жұмыс істеп жатыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1335706
Пікірлер

Көрші сілтемелер