Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Кенияда коронавирустың 16 жаңа штамы анықталды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 19:30 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/448852-keniyada-koronavirusty-16-zha-a-shtamy-any-taldy



Кенияда коронавирустың 16 жаңа штамы анықталды


Кенияның оңтүстік-шығысында ғалымдар SARS-CoV-2 коронавирусының 16 жаңа түрін анықтады.

Бұл туралы Кения медициналық зерттеулер институтына сілтеме жасай отырып The East African басылымы хабарлайды.

Маусым мен қазан аралығында алынған үлгілерден инфекцияның 16 мутациясы анықталған. Олардың 12-сі анықталған облыстарда қалса, ал төртеуінің жұғу көрсеткіші жоғары болып, Кения аумағында таралған.

Ғалымдардың айтуынша, аурудың саналуандылығы елдегі эпидемиологиялық жағдайды ушықтырып жіберген: олар тез таралады және бастапқы кезеңде анықтау өте қиын.

Ал Джонс Хопкинс институтының мәліметінше, Кенияда коронавирустың жаңа түрімен ауырғандар саны 98,4 мың адамға жетсе, одан қайтыс болғандар саны 1,7 мыңға жуықтаған.

Бұған дейін Германияда коронавирустың жаңа штамы анықталғанын хабарлағанбыз. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1335676
Пікірлер

Көрші сілтемелер