Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда троллейбустың қатысуымен жол апаты болды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 19:10 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-i-a/item/448870-almatyda-trollejbusty-atysuymen-zhol-apaty-boldy



Алматыда троллейбустың қатысуымен жол апаты болды


Алматыда троллейбус жол апатына ұшырады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Жол апаты күндіз 10:30-да болған. МАЗ көлігінің жүргізушісі Байзақов көшесімен оңтүстікке бағыт алып келе жатып троллейбустың тізбегін үзіп жіберген. Соның салдарынан троллейбус артқа жылжып кетіп, 4 көлікпен соқтығысқан. Олардың біреуі артта келе жатқан, қалған үшеуі жол шетінде тұрақта тұрған», - деді қалалық ПД баспасөз қызметінен.

Жол апатынан ешкім жарақат алған жоқ. Бұл дерек Алмалы аудандық ПБ тексеруіне жатыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1335667
Пікірлер

Көрші сілтемелер