Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордадағы ЖЭО-2-ні жаңғырту зиянды қалдықтарды реттеуге мүмкіндік береді - Қазақстан және әлемдегі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 18:50 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/448888-elordada-y-zheo-2-ni-zha-yrtu-ziyandy-aldy-tardy-retteuge-m-mkindik-beredi



Елордадағы ЖЭО-2-ні жаңғырту зиянды қалдықтарды реттеуге мүмкіндік береді


Нұр-Сұлтанда ЖЭО-2-де қазандық пен құбыр арасында электр сүзгі орнатылмақ.

Соның нәтижесінде атмосфераға зиянды қалдықтар тарамайды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

«Қаланы аралау кезінде ЖЭО-2-де іске қосылған алтыншы турбинаның жұмысымен таныстым. Электр қуатының өсімі 120 МВт құрап отыр. №8 қазандық іске қосылғаннан кейін жылу қуатының өсімі 180 Гкал құрайтын болады.

Сонымен бірге, қазандық пен мұржаның арасына электростатикалық сүзгі орнатып, іске қосамыз. Ол зиянды қалдықтарды тұтып қана қоймай, реттеу (сүзу) жұмыстарын атқарады. Осылайша, газ қалдықтары қоспасыз шығады.

Бұдан басқа, nid-технология жүйесін (күкірттен айырудың интеграцияланған жаңа жүйесі) іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл күкіртті сүзуге мүмкіндік береді. Бұған дейін ЖЭО-1 және ЖЭО-2 су жылыту қазандықтары газға көшірілген еді. Барлық шаралар қала экологиясына оң әсер етеді. Бұл жұмыстарды жалғастырамыз», - деп жазады қала әкімі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1335649
Пікірлер

Көрші сілтемелер