Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Оралда балабақшалардың біріндегі кезекші топ карантинге жабылды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңа



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 18:30 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/448863-oralda-balaba-shalardy-birindegi-kezekshi-top-karantinge-zhabyldy



Оралда балабақшалардың біріндегі кезекші топ карантинге жабылды


Онда келіп жүрген 4 жасар бүлдіршіннен коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың мәліметінше, бала қатерлі вирусты отбасы мүшелерінен жұқтырған. Кезекші топтағы 13 бөбек, тәрбиеші және оның көмекшісі үйге оқшауланды. Енді әрқайсысынан медициналық сынама алынады. Ал балабақшадағы қалған кезекші топтар жұмысын жалғастыра береді. Облыста эпидахуал тұрақсыз. Жыл басталғалы бері 531 адам коронавирус жұқтырды. Олардың 28-і – 14 жасқа дейінгі бала.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Жыл басынан бері балабақшалардың арасында да осы бірінші жағдай тіркеліп отыр. Енді медициналық қызметкерлермен, сонымен қатар эпидемиологиялық мамандармен эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1335638
Пікірлер

Көрші сілтемелер