Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Тұман, бұрқасын, көктайғақ: бірнеше облыста ескерту жарияланды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңал



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 17:50 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bylu-manyzdy/item/448894-t-man-b-r-asyn-k-ktaj-a-birneshe-oblysta-eskertu-zhariyalandy



Тұман, бұрқасын, көктайғақ: бірнеше облыста ескерту жарияланды


«Қазгидромет» бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады.

15 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Атырау қаласында 15 қаңтарда түнде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні – 15-18 м/с.

15-17 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 16-17 қаңтарда көктайғақ болады. 15-17 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 15 қаңтарда күндіз, 16 қаңтарда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с болады. Тараз қаласында 15-17 қаңтарда кей уақытта тұман, 16-17 қаңтарда көктайғақ күтіледі.

15 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20, екпіні 25 м/с.

Түркістан облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Ал Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с. Орал қаласында 15 қаңтарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

15-16 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20, екпіні 23 м/с.

Қызылорда облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 15 қаңтарда шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

15 қаңтарда түнде және таңертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Түнде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ақтау қаласында 15 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1335600
Пікірлер

Көрші сілтемелер