Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Грузияда індет таралғалы 100 мың адам кірісінен айырылған - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 00:30 - 2020/10/19

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/430331-gruziyada-indet-taral-aly-100-my-adam-kirisinen-ajyryl-an



Грузияда індет таралғалы 100 мың адам кірісінен айырылған


Грузия індеттен қатты зардап шекті, хабарлайды «Хабар 24».

Қазір ел экономикасының барлық саласы тұралаған. Мыңдаған адам жұмысынан айырылса, енді бірі кірісінен қағылды. Дүниежүзілік банк болжамы бойынша алдағы уақытта 160 мың адам кедейлер қатарын толтыруы мүмкін.

Грузияда індеттен экономиканың құлдырауы халықтың әл-ауқатына бірден әсер етті. Дүниежүзілік банктің болжамынша биыл ел халқының 4%-ті кедейшілік қамытын киіп, тағы 400 мың адамның кірісі едәуір қысқаруы мүмкін.

Давид Кешелава, ISET саяси институтының бас зерттеушісі:

- Қазір індеттен әлемнің барлық елін дағдарыс жайлаған. Жағдай тек келесі жылы оңалуы мүмкін. Грузияда көптеген адам жұмысынан айырылды. Шекара жабылып, туризмнен кіріс күрт азайды. Осы сала қатты шығынға батты.

Дегенмен, Грузиның Экономика министрлігі елдегі жағдай жақсарып келе жатқанын айтады. Мысалы қыркүйек айында грузин тауарларының экспорты 9%-ке өскен.

Натия Турнава, Грузияның экономика және тұрақты даму министрі:

- Халықаралық валюта қорының болжамына сай алдағы бірнеше жылда Грузия экономикасы тез қалпына келуі мүмкін. Келесі жылдан 2025 жылға дейін Грузия экономикасының өсімі 5%-ті құрайды деген болжам бар. Бұл аймақ бойынша жоғарғы көрсеткіш.

Бірақ Грузияда індет таралғалы 100 мың адам кіріснен айырылған. Үкімет халықты қолдау үшін түрлі бағдарламаны жүзеге асырды. Жарты жылда әрбір азамат мемлекеттен 100 доллардан 400 долларға дейін қаржылай көмек алды. Дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асыру үшін 1 миллион доллар бөлінді.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1282861
Пікірлер

Көрші сілтемелер