Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Оралда көп пәтерлі үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 23:30 - 2020/10/18

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-i-a/item/430334-oralda-k-p-p-terli-jdegi-rtten-25-adam-evakuatsiyalandy



Оралда көп пәтерлі үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды


Оралда көп пәтерлі үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 18 қазан күні сағат 15.05-те Қ.Аманжолов көшесіндегі 162-үйде болған.

Бес қабатты үйдегі 28-пәтерде жеке заттар мен диван жанған. Соның салдарынан 25 адам эвакуацияланса, оның 9-ы – бала. Өрт департамент күшімен (11 адам, 4 техника) сағат 15.46-да сөндірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

«Пәтердегі өрт өте қауіпті. Статистика бойынша республикадағы өрттердің 70 пайыздайы және одан қаза табатындардың 90 пайызға дейіні осы тұрғын үйлердің үлесіне тиеді. Сондықтан әр тұрғынның өз үйінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұлжытпай сақтау аса маңызды», деді ҚазАқпарат тілшісіне департаменттің зілзала қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1282849
Пікірлер

Көрші сілтемелер