Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы облысында пандемияның екінші толқынына дайындық жүріп жатыр - Қазақстан және әлемдегі соңғы ж



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 18:10 - 2020/10/18

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/430291-almaty-oblysynda-pandemiyany-ekinshi-tol-ynyna-dajyndy-zh-rip-zhatyr



Алматы облысында пандемияның екінші толқынына дайындық жүріп жатыр


Алматы облысында пандемияның екінші толқынына дайындық жұмыстары жүріп жатыр, хабарлайды «Хабар 24».

Ақсу аудандық ауруханасының жанынан құрылған провизорлық орталық алғашқы толқында 180 науқасты қабылдады. 44 адам коронавирус инфекциясынан емделді. Қазір бұл медицина мекемесіндегі бөлімшелер қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. «Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды. Мұнда 30 шақты оттегі концентраторы жеткізілді. «Қан анализаторы, өкпені жасанды желдету аппараттары да жеткілікті», - дейді мамандар.

Динара Ахметова, аудандық аурухана директорының орынбасары:

- Қазіргі таңда бізде инфекциялық 10 орын жұмыс жасап жатыр екінші деңгейлі. Егер де екінші толқын бастала қалған жағдайда біз тағы дайынбыз. Дәрі-дәрмек қоры 1,5 айға жеткілікті, қоймада ұстап отырмыз.

Осы категория бойынша: « Нұр-Сұлтанда жаңа саябақ ашылды
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1282772
Пікірлер

Көрші сілтемелер