Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шымкентте ішімдік ішкен ер адам үйінде газ баллонын жармақ болды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаң



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 17:10 - 2020/10/18

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-i-a/item/430288-shymkentte-ishimdik-ishken-er-adam-jinde-gaz-ballonyn-zharma-boldy



Шымкентте ішімдік ішкен ер адам үйінде газ баллонын жармақ болды


Шымкентте ішімдік ішкен ер адам екі баласын бөлмеге қамап, газ баллонын жарып жібермек болған.

Мұндай қадамға ол отбасындағы кикілжіңнен кейін барғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай бүгін күндіз сағат 15.45-те болған. Учаскелік полицияның «101» пультіне Еңбекші ауданының Айнатас тұрғын үй алабының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсағысы келетінін хабарлаған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілері 42 жастағы үй иесінің мас күйде суицид жасамақ болғанын анықтаған. Ол отбасылық жанжалдан кейін 50 литр газ баллонын ашып, 4 және 8 жастағы екі баланы бөлмеге қалдырған. Кез келген минутта жарылыс болу қауіпі туған. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам мен апаттар медицинасы орталығы филиалының арнайы бригадасы тартылған.

«Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы балалардың жағдайын қарап шығып, медициналық көмек қажет еместігін анықтаған. Олар анасымен бірге үйінде қалды. Ал, үй иесін Еңбекші ауданының полиция қызметкерлері алып кетті» делінген хабарламада.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1282754
Пікірлер

Көрші сілтемелер