Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 105 мыңнан асты - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықт



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 16:30 - 2020/10/18

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/430274-aza-standa-koronavirustan-zhazyl-andar-sany-105-my-nan-asty



Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 105 мыңнан асты


Өткен түні елімізге 14 халықаралық әуе рейсімен 1 мың 969 жолаушы келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 1 мың 724-інде ПТР анықтамасы болды. Ал 245 азаматтың ел табалдырығын аттағанда қолдарында тиісті анықтама болмаған.

Олар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ПТР тесттен өту үшін екі күндік карантинге орналастырылды деп хабарлады Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер. Ал Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 197 жағдайы тіркелді. Бір науқастың қайтыс болғаны хабарланды. 42 адам емделіп шықты. Еліміз бойынша жалпы 105 мыңнан астам науқас қауіпті вирустан жазылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1282746
Пікірлер

Көрші сілтемелер