Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ғалымдар көру қабілетін толық қалпына келтіретін әдіс ойлап тапты - Қазақстан және әлемдегі соңғы жа



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 12:40 - 2020/09/17

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bylu-manyzdy/item/423470-alymdar-k-ru-abiletin-toly-alpyna-keltiretin-dis-ojlap-tapty



Ғалымдар көру қабілетін толық қалпына келтіретін әдіс ойлап тапты


Австралияның Монаш университетінің ғалымдары көздің жұмысын толығымен қалпына келтіруге қабілетті Gennaris бионикалық көру жүйесін жасап шығарды, деп жазды Daily Mail.

«Біз көзі мүлдем көрмейтін адамдардың көру қабілетін қалпына келтіру туралы айтып отырмыз. Ол үшін бионикалық көз имплантталады», - деп хабарлады әдістің авторлары.

Айтуларынша, бионикалық көзге салынған камера сигналдарды микропроцессорға жібереді, ал ол алынған кескіндерді тікелей миға жібереді.

Gennaris бионикалық көру жүйесі көздің тор қабығынан мидың «көру орталығына» жіберілетін сигналдарды тежейтін зақымдалған көру нервтерін айналып өте алады.

Аталған әдіс арқылы адам үйдің ішінде және далада өздігінен бағдар жасай алады және айналасындағы адамдар мен заттарды көре алады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1262080
Пікірлер

Көрші сілтемелер