Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанның әлемдік деңгейдегі рецессияға төтеп беруіне барлық қажетті құралы бар – сарапшы - Қазақ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 12:10 - 2020/09/17

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/423477-aza-stanny-lemdik-de-gejdegi-retsessiya-a-t-tep-beruine-barly-azhetti-raly-bar-sarapshy



Қазақстанның әлемдік деңгейдегі рецессияға төтеп беруіне барлық қажетті құралы бар – сарапшы


Халықаралық сарапшылар пандемиядан кейін эконмиканың оңалып кетуі оңай болмайтынын айтады.

Әсіресе дамушы елдерге қиын соғады дейді. Коронавирусқа байланысты дағдарыс экономиканы қайта ретке келтіруге жақсы мүмкіндік беруі мүмкін және Қазақстан осыны тиімді пайдалана алады. Халықаралық экономика саласының сарапшысы Уильям Томпсонның пікірінше, еліміздің алдағы уақытқа даму жоспарында әлемдік деңгейдегі рецессияға төтеп беруге қажетті барлық құралы бар. Жаңа жағдайда Қазақстан экономикасы бәсекелестікке қабілетті болу үшін мемлекет ұтқыр әрекет етіп, тез арада әлеуеті зор экономикалық салалардың дамуына бар жағдай жасауы тиіс.

Уильям Томпсон, ЭЫДҰ еуразиялық бөлімінің басшысы:

– Мемлекет басшысының экономикада белгілеген басты мақсаттары Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Қазақстанмен бірлескен жұмысының бағыттарымен сәйкес келетінін байқадық. Басты үш мақсаты – экономиканы, әсіресе экспортты әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту, мемлекеттік сектор мен мемлекеттік кәсіпорындарды және квазимемлекеттік секторды реформалау. Олардың барлығы бір-біріне әсер етеді. Сол себептен еркін кәсіпкерлік пен жаңа фирмаларды, жаңа салаларды дамытпай экономиканы әртараптандыру мүмкін емес.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1262057
Пікірлер

Көрші сілтемелер