Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Трамп: Коронавирусқа қарсы егу қазан айында басталады - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 08:20 - 2020/09/17

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/423407-tramp-koronavirus-a-arsy-egu-azan-ajynda-bastalady





АҚШ-та адамдарды коронавирусқа қарсы егу қазан айының ортасында басталуы мүмкін.

Бұл туралы президент Дональд Трамп бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесуде мәлімдеді. Алайда елдің денсаулық саласы органдарының арасында халықты жаппай егу мерзіміне байланысты пікір әртүрлі. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігі қазіргі жағдайда халықты вакцинациялау биылғы жылдың соңына дейін жүзеге асыруға болатынын айтады. Бірақ Аруларды бақылау орталығының өкілдері бұл істі тек келесі жылдың үшінші тоқсанынан бастап жүргізу мүмкін деп отыр.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

– Біз қазір қауіпсіз әрі тиімді вакцинаны жасау жолындамыз. Егер сәтін салса қазан айында халықты коронавирусқа қарсы егуді бастайтын шығармыз. Нақтырақ айтсам, қазан айының ортасында немесе сәл кейін бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Екпе жұмыстарын жүргізуге қажеттің бәрі дайын. Азық-түлік және дәрі-дәрмектерді бақылау орталығының екпені бекіте салысымен жыл соңына дейін 100 миллион доза вакцина дайындасақ па деп отырмыз.

Ал соңғы ақпарға қарағанда Құрама Штаттарда вирустан қайтыс болғандардың саны 200 мыңға тақаған. Соңғы бір тәулікте аурудан 1293 науқас көз жұмған. Бұл Америкада індет таралғалы ең жоғарғы көрсеткіш. Жалпы АҚШ әлемде вирусты жұқтырғандар саны бойынша да алда. Мұнда науқастардың қарасы 6 миллион 600 мыңнан асқан.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1261894
Пікірлер

Көрші сілтемелер