Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Оралдық оқушыларға қашықтан оқуға арналған құралдар берілді - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықт



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 08:10 - 2020/09/17

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/423408-oraldy-o-ushylar-a-ashy-tan-o-u-a-arnal-an-raldar-berildi





Үкімет резервінен Оралдағы оқушыларға 500 ноутбук, 600 планшет бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қашықтан оқуға арналған техникалық құралдар әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға табысталды. 80 құрал-жабдық Зачаганск кентіндегі №10 мектеп оқушыларына үлестірілді. Ноутбуктар мен планшеттерге арнайы оқыту платформасы жүктелген. Білім ордаларына қосымша 100 роутер мен сим-карталар сатып алынды. Қалада өтініш берген 4,5 мың отбасының бүгінде 3600-і техникалық құралдармен қамтамасыз етілді. Ал қаланың интернет сапасы нашар аумақтарындағы келеңсіздіктерді жою бағытында құзырлы мекеме ұялы байланыс операторларымен келісім жасауда.

Жадыра Есенғалиева, көпбалалы ана:

– Көпбалалы аналарға көмек көрсетіп жатыр. Көмектесіп тұрады. Көп-көп рақмет айтамын.

Батика Пайдина, қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары:

– Тағы да компьютерлер келеді. Сондай жағдай туып жатса, 7 балалы отбасылар бар, тек 1 ноутбукпен, 1 планшетпен отырған, оларға осы құралдарды жеткізуге мүмкіндік бар.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1261888
Пікірлер

Көрші сілтемелер