Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Атлант мұхитында пайда болған «Салли» дауылы Флоридаға соққы жасады - Қазақстан және әлемдегі соңғы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 21:50 - 2020/09/16

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/423371-atlant-m-khitynda-pajda-bol-an-salli-dauyly-florida-a-so-y-zhasady






Мамандар долы дауыл қауіптіліктің екінші деңгейіне дейін көтерілгенін хабарлайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір эпиорталықта желдің екпіні сағатына 161 шақырымға дейін жеткен. АҚШ президенті Дональд Трамп Флорида мен Алабама штаттарында төтенше жағдай режимін жариялады. Бұл өңірдің құтқару қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Қазір аймақта қатты желмен бірге нөсер жауын жауып тұр. Кей жерлерде судың деңгейі 30 см-ге дейін жетті. Жағажайда толқын көтерілгендіктен, елді мекендерді су басу қаупі туды.

Тим Паркер, жергілікті тұрғын:

– Су деңгейі бұдан да жоғары болады деп ескертіп еді. Әзірге жағдай тұрақты. Алайда синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Автотұрақ, кеңсем бәрі су астында қалуы мүмкін. Алаңдап отырмын.

Дауылдың салдарынан шамамен 150 мың баспана мен өнеркәсіп орындары жарықсыз қалды. Билік апаттың қауіптілігін ескере отырып, Галф-Шорс қаласында коменданттық сағат енгізді. Ақ үй басшысы апаттан келген шығынды өтеу үшін федералды көмек бөлінеді деп уәде берді.

Құрама штаттардың бір бөлігі дауылдан зардап шексе, өзге аймағы оттан көз ашпай отыр. Осыдан бір ай бұрын басталған орман өртінен Орегон штатында соңғы аптада 10 адам, ал Калифорнияда 25 адам мерт болды. Тағы бір тұрғын Вашингтон штатында көз жұмды. Із-түзсіз жоғалғандардың қатары да аз емес. Тілсіз жау бұл өңірлердің 6 200-ден астам баспанасын күлге айналдырып, 2 млн-ға жуық гектар жер телімін тып-типыл етті.

Исса Убидиа-Лукет–Портленд қаласының тұрғыны:

– Қаланы түтін тұмшалап, жағдайымыз қиындады. Коронавирустан көшеге шыға алмай, үйде отырғанымызға бірнеше айдан асты. Енді міне, індетке орман өрті қосылып, не істерімізді білмей далмыз. Әсіресе, балаларға қиын болды.

Трейза Гранстром, жергілікті тұрғын:

– Бірнеше рет көшуімізге тура келді. Өйткені өрттің аумағы сағат сайын ұлғайып барады. Ең бастысы, басымыздың амандығы. Дүние-мүлкімізді ойлап жатқан жоқпын. Отбасым аман қалса деймін. Мұндай сұмдықты бірінші рет көріп тұрмын.

Орман өрті Бразилияның Амазониясында да ырық бермей тұр. Тамыз айында басталған аптап ыстықтан орманды алқап әлі де өртеніп жатыр. Мамандар қызыл жалынды ауыздықтай алмай әлек. Өрттен шыққан қою қара түтін жақын маңдағы елді мекендерге де қауіп төндіріп тұр. Апаттан аймақтағы қызыл кітапқа енген аң-құстар да қырылып жатыр.

Лукас Де Соуза Брито, өрт сөндіру қызметінің басшысы:

– Пантаналдағы жағдай тіпті күрделі. Өрт өршіп тұрған жерге жету қиынға соғып тұр. Әйтсе де қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Ауа райының қолайсыздығынан өрт ошақтарының азаяр түрі жоқ.

Орман өрті Испания тұрғындарын да әуре-сарсаңға салды. Елдің солтүстік-батысында орналасқан Галисия өңіріндегі орманды жерде өрт шықты. Оны сөндіру үшін 120 маман тартылды. Қызыл жалын елдің 3 мың гектар жеріне жайылып үлгерген.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1261731
Пікірлер

Көрші сілтемелер