Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қытайдың Жуйли қаласында коронавирусқа жаппай тексеру жүріп жатыр - Қазақстан және әлемдегі соңғы жа



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 21:30 - 2020/09/16

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/423370-ytajdy-zhujli-alasynda-koronavirus-a-zhappaj-tekseru-zh-rip-zhatyr



Қытайдың Жуйли қаласында коронавирусқа жаппай тексеру жүріп жатыр


Қытайдың Юньнань провинциясындағы Жуйли қаласында халықты коронавирусқа қарсы жаппай тесттен өткізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірер күн бұрын шаһарда Мьянмадан келген екі азаматтан вирус анықталды. Олармен байланыста болған 200-ден астам тұрғын бақылауға алынды. Науқастар тұрған аудан карантинге жабылып, қала халқына бір аптаға дейін үйден шықпауға ескерту берілді.

Гонконгте халықты коронавирусқа қарсы жаппай тестілеу аяқталғанына көп уақыт өтпеген еді. Қытайдың Юньнань провинциясындағы Жуйли қаласында жаңа дерек тіркеліп, тағы жаппай тексеру басталды. 2 шетелдік азаматтан вирус анықтала салысымен жергілікті билік індеттің кеңінен таралуын тежеу үшін осындай шешім қабылдаған. Тест жүргізу барысында тұрғындарға үйден шықпау бұйырылған. Қалада тек дәріхана, азық-түлік дүкендері мен базарлары ғана жұмыс істеп жатыр. Шаһардан шығуға тыйым салынған.

Гун Юньцзунь, Жуйли қаласы партия комитетінің хатшысы:

– Қазір 2 науқаспен байланыста болған 201 адам бақылауға алынған. Олардың 190-ы тексерістен өтіп, сараптамасы зерттеліп жатыр. Бұдан бөлек 2 шетелдік науқас тұрған аудандағы 1745 тұрғын да тест тапсырды. Әзірге олардың ешбірінен вирус анықталған жоқ.

Қытайда елге келген шетелдік азаматтар арасынан дертке шалдыққандар күн сайын тіркелуде. Олардың арасында ауру нышандары жоқ науқастар да бар. Олар тек екі апталық карантинде тест тапсыру кезінде анықталуда. Оқшауланған азаматтар 2 рет тапсыруы міндетті. Қытайда коронавирусқа қарсы вакцина жасау ісі де қызу жүріп жатыр. Бүгінде 5 вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңіне өткен. 

У Гуйчжэнь, Қытай жұқпалы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының бас сарапшысы:

– Вакцинаны дайындауда әкімшілік процедураға кететін уақытты азайтуға қол жеткіздік. Бірақ бұл ғылыми зерттеулер мен оның мерзіміне еш әсер еткен жоқ. Коронавирустың шыққанына көп уақыт болмағандықтан екпені дайындауға да көп уақыт кеткен жоқ. Бірақ бұрынғы зерттеулер тәжірибесі мен нәтижесіне сүйене отырып, қазіргі вакцинаның тиімділігі 1 жылдан 3 жылға дейін жалғасады деп ойлаймыз.

Жергілікті мамандар жыл соңына дейін кем дегенде 2 вакцина дайын болады деген пікірде. Мемлекет әзірге індеттің келесі толқынына дайындалып жатыр. Зертханаларды кеңейтіп, ауруханаларда төсек орындарын көбейтіп, тестілеу арттырылып жатыр. Қазірдің өзінде Қытайда тест жүргізетін 5 мыңға жуық медициналық мекеме бар.

Авторлары: Ботагөз Сырғабаева, Әйгерім Сүлейменова

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1261719
Пікірлер

Көрші сілтемелер