Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бірқатар облыс карантинде қандай қызмет түрлеріне тыйым салынатыны туралы жаңа қаулы шығарды - Қазақ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 17:30 - 2020/08/02

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/413451-bir-atar-oblys-karantinde-andaj-yzmet-t-rlerine-tyjym-salynatyny-turaly-zha-a-auly-shy-ardy





Еліміздің бірқатар өңірі қатаң карантин мерзімінде қандай қызмет түрлеріне тыйым салынатыны туралы жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Атырауда шаштараздар, сұлулық салондары мен фитнес орталықтары әзірге ашылмайды. Жабық ғимараттағы базарлардың жұмысына да рұқсат жоқ. Көлік жуу, автомобильдерді жөндеу қызметтері мен діни орындардың қызметі де 17 тамызға дейін тоқтатылады. Ал азық-түлік дүкендері кешкі сағат 9-ға дейін, дәріханалар 10-ға дейін жұмыс істейді.

Қостанайда саябақтар мен алаңдарға, демалыс орындарына баруға рұқсат жоқ. Бірақ карантин кезінде азық-түлік дүкендерімен бірге құрылыс материалдары, санитарлық-техникалық және ауыл шаруашылығына арналған тауарлар мен автобөлшектер дүкені жұмысын жалғастыра береді. Сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орындары дүйсенбі-жұма күндері сағат таңғы 9 бен кешкі 6 арасында жұмыс істейді. Шығыс Қазақстанда бұған дейін қолданыста болған қаулыдағы талап-тыйымдар 17 тамызға дейін тағы жалғасады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1232294
Пікірлер

Көрші сілтемелер