Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Колумбияда коронавирус дерті ушығып барады - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 16:10 - 2020/08/02

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/413441-kolumbiyada-koronavirus-derti



Колумбияда коронавирус дерті ушығып барады


Колумбияда коронавирус індеті дендеп барады. Ауруды жұқтырғандар саны 300 мың адамнан асып кетті.

Он мыңнан астам адам вирустан қайтыс болды. Бұл мәліметті елдің денсаулық сақтау министрлігі жариялады. Үкімет елдің екінші ірі қаласы Медельинде қатаң шектеу шараларын қайта енгізді. Ел астанасы Богота қаласында карантин ережелерінің сақталуын полиция қадағалап жүр.

Үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, індеттің шарықтау шегі тамыз айына келеді. Колумбия президенті Иван Дуке карантин жаздың аяғына дейін жалғасатынын жариялаған еді.

Джэнни Апонтэ, жергілікті тұрғын:

- Бұл өте қорқынышты, осылай болатынын күтпеген едік. Жақындарымыз бұл  вирусты жұқтырғанынан зәреміз ұшты. Не де болса өз денсаулығымыңызға қараумыз керек.  

Ал Аргентинада ресми мәлімет бойынша Ковид-19 індеті 200 мың адамнан анықталған. Соңғы тәулікте вирусты жұқтырудың жаңа 5 мыңнан аса дерегі тіркелді. Ауруханалардың жансақтау бөлімдерінде науқастарға орын жетіспей жатыр. Қазіргі жағдайға байланысты Аргентина үкіметі карантин мерзімін 16 тамызға дейін ұзартты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1232266
Пікірлер

Көрші сілтемелер