Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО-да көлдің арғы бетіне өтпек болған жігіт суға кетті - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 10:40 - 2020/08/02

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-i-a/item/413385-sh-o-da-k-ldi-ar-y-betine-tpek-bol-an-zhigit-su-a-ketti



ШҚО-да көлдің арғы бетіне өтпек болған жігіт суға кетті


Шығыс Қазақстан облысында екі адам суға кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, 1 тамыз күні бір топ жас Бородулихо ауданындағы Жерновское көліне шомылуға барған. Оның ішінен бірнеше жігіт көлді кесіп өтіп, арғы бетке дейін жүзіп бармақ болған. Бір жігіт басқалардың соңында қалып қойып, суға батып кеткен.

«Жігіттер оны байқағаннан кейін бірден полиция мен құтқарушыларды шақырған. Сосын өздері көл астынан жігіттің денесін іздеп тауып, жағаға шығарған және сосын полицейлерге тапсырған. Осы күні өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері осы маңда патруль жүргізген болатын, алайда олар аралаған кезде мұнда ешкім болмаған» деп түсіндірді департаменттен. Сондай-ақ Семей қаласының жедел құтқару жасағы беймәлім жағдайда Ертіс өзеніне батып кеткен 1986 жылғы ер адамның денесін 4 тәуліктен бері таба алмай жатқан болатын. Осы күні марқұмның мәйіті жағаға шығарылды.

«Жігіттің денесін қайғылы оқиға болған жерден 30 шақырым қашықтықтан балықшылар тауып алды» деп мәлім етті ТЖД.

Еске сала кетейік, шомылу маусымы басталғалы бері Шығыс Қазақстан облысында 28 адам суға кеткен. Оның сегізі бала.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1232133
Пікірлер

Көрші сілтемелер