Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Чили полициясы иттерді коронавирусты анықтауға үйретіп жатыр - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалық



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 09:20 - 2020/08/02

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/413377-chili-politsiyasy-itterdi-koronavirusty-any-tau-a-jretip-zhatyr





Чили полициясы иісшіл иттерді коронавирус анықтауға үйретіп жатыр. Жаттығудан өткеннен кейін бұл төрт ит нағыз биодетекторға айналатын түрі бар.

Олар ауру белгілері білінбей тұрған кезде коронавирусты анықтай алады. Ұлыбритания да көктемде осыған ұқсас бағдарламаны жүзеге асырды. Оған қатерлі ісік, безгек және Паркинсон ауруын анықтайтын иттерді қатыстырып, коронавирус табуға үйреткен. Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша Чилиде КОВИД-19 дертіне 350 мыңнан аса адам шалдыққан.  Індет таралуы сәл бәсеңдегеннен кейін үкімет біртіндеп шектеулерді алып тастауға кірісті. Ал осы кезде аса сақ болу қажет.

Кристиан Асеведо Янес, кинологиялық мектеп директоры қызметін атқарушы :

- Иттер халық көп жиналатын орындар - мектептер, автостанциялар мен әуежайларда кезекшілік етеді. Ауру белгілері әлі білінбеген науқастарды анықтайды. Сонда оларды дер кезінде оқшауландырып, дерттің жаппай таралуына жол бермейміз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1232110
Пікірлер

Көрші сілтемелер