Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қостанай облысында бес мың гектар жердегі егіс күйіп кетті - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықта



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 08:50 - 2020/08/02

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/413373-ostanaj-oblysynda-bes-my-gektar-zherdegi-egis-k-jip-ketti





Жазғы аптап ыстықта Жітіқара мен Қарабалық аудандарының  астық алқабы біршама зардап шекті.

Ресми мәліметке сүйенсек, 4 мың 600 гектар  егін күйіп кеткен. Бұл сақтандыру ақысын алуға өтініш берген үш шаруашылықтың  ғана егістік аумағы. Жалпы биылғы жылдың 5-ші маусымынан  елімізде өсімдік шараушылығын сақтандырудың жаңа жүйесі енгізілді. Берілген қысқа мерзімде көбі егістік алқаптарын сақтандырып үлгермегенге ұқсайды.  Облыс бойынша небары  4  шаруашылық құрылымы ғана сақтандыру шартын жасасқан.  Мамандардың айтуынша, зардап шеккен алқаптары үшін  олар  10 миллион тенгеге жуық сақтандыру ақысын  алады. Жаңа жүйенің тиімді тұстары  көп –дейді олар.

Дина ХамзинА , ауыл шаруашылығы  және жер қатынастары басқармасының бас маманы:

Аударма: 010043 Жаңа сақтандыру жүйесінің артықшылығы бар. Біріншіден бұл міндетті емес, ерікті түрде. Екіншіден сақтандыру жарнасының жартысын  мемлекет өтейді.  Егер 1 мың гектар егін алқабы  толық күйіп кетсе, 30 мың тенге нормативпен, ол 14 миллион 500 мың тенге сақтандыру төлемін алады.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1232102
Пікірлер

Көрші сілтемелер