Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Аптап ыстыққа байланысты жеті аймақта ескерту жарияланды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 08:10 - 2020/08/02

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bylu-manyzdy/item/413368-aptap-ysty-a-bajlanysty-zheti-ajma-ta-eskertu-zhariyalandy



Аптап ыстыққа байланысты жеті аймақта ескерту жарияланды


2 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз басым бөлігінде 35-38 градусқа дейін қатты ыстық, өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: Күндіз 2 тамызда оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с, 34-36 градус қатты ыстық.

Күндіз 2 тамызда, 3 тамызда Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз 2-3 тамызда облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: күндіз 2 тамызда жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз 15-20 м/с Жезказган қ.: күндіз 2 тамызда 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 02 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында қатты ыстық 35-36 градус күтіледі. Түнде және таңертен кей жерлерде тұман күтіледі.

2 тамызда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Орал қ.: 2 тамызда найзағай, түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі. 

Таңертең және күндіз 2 тамызда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз 02 тамызда Қостанай облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: күндіз 02 тамызда 36 градус қатты ыстық күтіледі.

02 тамызда Ақмола облысының күндіз 31-36 градус қатты ыстық күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1232097
Пікірлер

Көрші сілтемелер