Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елімізде ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығуы тоқтатылды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалық



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 10:10 - 2020/07/01

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/406173-elimizde-ltty-rama-komandalardy-o-u-zhatty-uy-to-tatyldy





Бүгіннен бастап ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындары тоқтатылды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты Ұлттық Олимпиадалық комитет жанындағы жедел штаб осындай шешім қабылдап отыр. Тіпті қазір өтіп жатқан жаттығу жұмыстары да дереу доғарылып, уақыты кейінге шегерілуі керек.

Айта кетейік, өткен айда ел намысын қорғайтын спортшылар кешенді әзірлікке кіріскен еді. Қазақстанның түкпір-түкпірінде 26 жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Барлық спорттық нысанда санитарлық талап қатаң сақталды. Ұлттық құрама мүшелері мен бапкерлері короновирусқа қатысты тест тапсырды. Соның өзінде алғашқы аптада тек далада жаттықты. Содан кейін барып, біртіндеп залдағы дайындыққа кіріскен. 

Ал отандық футбол ұзақ үзілістен кейін қайта жаңғырды. Бүгін жоғағы лига ойындары басталады.

Айта кету керек, карантин кезінде павлодардық «Ертіс» жабылып қалған болатын. Осының салдарынан жарыс кестесіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Мәселен, бүгінгі 3-тур аясында «Астана» клубы ойнамайды. Ал қостанайлық «Тобыл» Ақтаудың «Каспиімен» кездеседі. Бұл матчтың да өтпеуі мүмкін еді. Өйткені қос команда ойыншыларынан коронавирус анықталды деген ақпарат тарады. Бірақ кейін кездесудің болатыны ресми расталды.  Бұған қоса бүгін «Кайрат» пен «Жетісу»,  «Қызыл-Жар» мен «Оқжетпес», «Ордабасы» мен «Шахтер» және «Қайсар» мен «Тараз» клубары жолғады. Бұл кездесулер көрермендерсіз өтеді және санитарлық талаптар қатаң сақталады.

Ал кәрі құрлық елдерінде аладоп аламаны қызып тұр. Мәселен, Испания чемпионаты аясында «Барселона» мен «Атлетико» кездесті және  дәл осы матчта Лионель Месси  кәсіпқой мансабындағы 700-голын соқты. Аргентиналық шабуылшы 11 метрлік айып добын сәтті орындады. Ал кездесудің өзі тең нәтижемен аяқталды. Осылайша католондық клуб 70 ұпаймен турнир тізіміндегі 2-орынын сақтап қалды. Ал «Атлетико» үшінші сатыда тұр. Бұған қоса ағылшын премьер-лигасының 32-туры өтті. Оның аясында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Брайтон» клубын айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп 0:3. Осының арқасында манчестерлік клуб 52 ұпаймен турнир тізімінің 5-сатысына орналасты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1211495
Пікірлер

Көрші сілтемелер